Риддер қаласында жаз бойы ыстық су болмайды

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында жаз бойы ыстық су болмайды. Бұл туралы қалалық әкімдік мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.Риддерде жылу желілерін ауыстыру және жылу электр орталығында ауқымды жөндеу жұмыстары басталды. Соған байланысты қалада 10 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында тұрғын үйлер мен мекемелерде ыстық су болмайды. «Өткен жылдың жазы мен күзінде ЖЭО-да жөндеу жұмыстары қолға алынып, қиын жағдай тұрақтандырылған болатын. Осылайша, 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы күрделі ақаусыз өтті. Биыл да жөндеу жұмыстары жалғасады. Былтыр жөндеумен қамтылмаған қазандық агрегаттарын, турбогенераторларды, қосалқы жабдықтарды күрделі жөндеу жоспарланып отыр», - делінген әкімдік хабарламасында.Сондай-ақ жалпы ұзындығы 18,9 шақырым болатын жылу желілерінің 55 учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.«Барлық жұмысты белгіленген мерзімде аяқтау жоспарланып отыр. Олардың орындалу барысы үнемі бақылауда болады», - деп хабарлады қалалық әкімдік.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Нью-Йоркте Қазақстан шахматшыларының қатысуымен әлем чемпионаты өтеді
Президент ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Сотталып кеткен Мейіржан Төребаев түрмеде ескерту алған
Бокс: Ангелина Лукас пен Балауса Мұздиман қайта кездесуі мүмкін
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қызылордада оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған: әйел сотталды
26 желтоқсан Әзірбайжанда қаралы күн деп жарияланды
Мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толды: Алматыда ғылыми-практикалық конференция өтті
"Астана" баскетболшыларының сәтсіз сериясы 22 ойынға созылды (ВИДЕО)
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Дайын тағам өнімдерін жеткізуге қойылатын талаптар қандай?
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан экипаж мүшелерінің кім екені белгілі болды
Жаңа дизайнмен номиналы 2 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығады
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды