Бүгін Риддер қаласында №1 және №2 қазандық апатты жағдайға өшірілді, деп хабарлайды Астана телеарнасы Altaynews-ке сілтеме жасап. Төтенше жағдай бүгін сағат 3.45 шамасында болған. «№1 және №2 қазандық апаттық жағдайда өшірілгенде №3 және №4 қазандықтар жұмыс істеп тұрды. Қазіргі уақытта №2 қазандық іске қосылған, ал №1 қазандық қалыпқа келтіріліп, қосылуға дайындалып жатыр», - дейді Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой.