Риэлторлық компания бір топ астаналықтарды тақырға отырғызып кетті

Ақша да жоқ, үй де жоқ! Риэлторлық компания бір топ астаналықтарды тақырға отырғызып кетті. Сату мамандары тұрғындардан көрсетпеген қызметі үшін ақы талап етіп, істі сотқа жеткізген. Беттің арын белге байлағандар жалған келісімшарт жасап, әрқайсысымызды бір миллион шығынға батырды, - дейді жапа шеккендер. Бұл – бірінші оқиға емес. Алаяқттықтың жылжымайтын мүлік нарығына жеткені қашан?! Енді үй іздегендер нені ескеру керек? Делдалдарға жем болмаудың жолы қандай? Аружан Задабек айтады. Сандуғаш Қабиденованың жасы – 65-те. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаз делдалдардың қармағына ілігемін деп ойламаса керек. Қала маңындағы үйін сату үшін желіге жарнама қалдырған. Оны көрген сату мамандары өз жұмыстарын ұсынады. Компания риэлторы «үйіңізді бір айдың ішінде сатып береміз» деп уәдені үйіп төгіп, ақыры келісімшартқа қол қойғызған. Бірақ бұл уақыт аралығында үй сатылмайды. Амалы таусылған баспана иелері келісімді әрі қарай создырудан бас тартып, өздері әрекетке көшкен. Сандуғаш ҚАБИДЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Үй тез сатылады, біз қазір реклама жасаймыз, барлығы жақсы болады, квартира тез сатылады деді. Сосын мен айттым, «жоқ, кешіңіздер, мен договорға отырмаймын. Ол уақыт. Мен өзім сата берейін» деп. Все таки она меня уговорила. Быстро так произошло. Уже дайын договор болды. Маған тек қол қою керек болды. Қызықтың көкесі енді басталды. Әлгі сату мамандары Сандуғаш Қабдиденованы сотқа берген. Неге дейсіз ғой?! Құжатта оған риэлтор жұмысын пайдаланып, ақысын төлемеді деген айып тағылыпты-мыс. Енді үй иесі ешқандай көмек алмаса да 400 мың теңгеден аса шығын өтеуге мәжбүр. Бұл компанияға алданғандардың арасында Лаура Смағұлова да бар. Оның да ісі сотта жатыр. Келіншектің компанияға қарызы - 1 миллион теңге. Лаура СМАҒҰЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Мегадом» компаниясымен хабарластым. Оларға үйді ипотекамен алатынымды айттым. Риэлтор маған «егер банк сізге ипотека бермесе, бәрібір менің қызметім үшін ақы төлейсіз» деді. Мен ол ұсынысына келіспедім. Тіпті келісімшартқа қол қоймадым. Соның өзінде олар мені бір ай өткеннен кейін сотқа берген. Шешім шығарды. Мен қарыз болып қалдым. Сот апелляцияны қабылдамады. Астанада, шамамен, 7 адам дәл осы компанияға алданған. Бұл – бізге мәлім цифр. Іс жүзінде бұдан да көп болуы мүмкін. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін сату мамандарына біз де хабарластық. Ана тілінде сөйлей алмаған маманнан толық жауап ала алмадық. Бұдан кейін хабарласу да мүмкін болмады. Бастаған істі соңына жеткізейік деп мекемеге бет бұрдық. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Мән-жайдың нақты қалай болғанын білу үшін компания өкілдерімен тілдесуге келдік. Бірақ олар камераға сөйлеуден де, жауап беруден де бастартты. Мұндағылар мәселені сот арқылы шешеміз дейді. Әрине, олар жұрт сан соғып қалғанын заң алдында дәлелдей алмайтынын жақсы біледі. Өйткені келісімшартты бәрі бірдей мұқият оқымағанына сенімді. Ерқанат БЕЙСЕНОВ, ЗАҢГЕР: Міндетті түрде келісімшартты бекітіңдер! Келісім шартта уақытын, мезгілін, шарттарын бекіту керек. Елімізде риэлтолардың қызметін реттейтін құзырлы органдардан талап болса, осындай келеңсіздіктерді алдын-алуға болушы еді, дейді сату маманы. Мәселен, АҚШ пен Еуропа елдерінде делдалдардың барлық міндеттерін тайға таңба басқандай көрсететін құжат бар. Ал, біздің елде арнайы осы салаға қатысты заң атымен жоқ. Айдос ОҢЛАСЫНОВ, САТУ МАМАНЫ: Тұрғын үйге сұраныс жоғары. Сәйкесінше, риэлтор қызметін ұсынатындар көп. Олардың барлығына сенуге болмайды. Алданып қалсаң, сот алдында дәлелдеу қиын. Астанада 2000-нан астам риэлторлық агенттік жұмыс істейді. Олардың тек төрттен бірі ғана тексерістен өткен. Қалғандарының қалай, кіммен жұмыс істеп жатқаны белгісіз. Заңсыздары да аз емес. Мамандар оларды бақылайтын арнайы жүйе керек дейді. Әйтпесе тақырға отырғандардың саны арта береді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды
Англияда үйде оқитын балалардың саны 111 мыңнан асқан
Павлодар облысындағы алтын кенішінде ер адам қаза тапты
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
Екібастұзда этнос өкілі оқушыларға музыка арқылы қазақ тілін үйретіп жүр
16 желтоқсанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады
Талғардағы трагедия: КШТТО «ботофермаға» қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан шорт-тректен Сеулде өткен World Tour кезеңінде бесінші орынға ие болды
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды
Англияда үйде оқитын балалардың саны 111 мыңнан асқан
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Алматыдан 712 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Қазақ бапкерлері мен төрешілері Әбу-Дабидегі джиу-джитсуды дамыту бағдарламасына қатысты
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы