«AMANAT» партиясының қолдауымен республикалық «RoboZerde – 2024» робототехника фестивалі өтті. Шараны ұйымдастыруға «Әлихан Мақсұт атындағы дарынды балаларды қолдау қоры» үлес қосты. Шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ден астам оқушы қатысты. «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңесте жас ғалымдарға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырғанын атап өтті. Партияның сайлауалды бағдарламасында да жас техник стансалары мен балалар технопаркін ашу көзделген. Айшабибі БЕЙБІТ, ОҚУШЫ: Мен роботатехниканы-10 жасымнан бастап айналысамын. Ағам көмектеседі. Ол да сол осы саламен айналысады. Біз роботатехниканы жақсы көреміз өйткені бұл өте қызықты. Адамның фантазиясы жақсы болса роботта күшті шығады. Серікзат ДҮЙСЕНҒАЗЫ, АЙТЫСКЕР АҚЫН, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Әлемде қазір дрондар жәнеде басқа да жаңа өнертабыстардың барлығы қазір әлемді таңғалдырып жатыр. Сондықтан Қазақстанда осылар даму керек. Мемлекетімізге аса пайдалы сала деп ойлаймын. Жастармызды балаларымызды осы бағытқа тәрбиелеп технократ жастарды өсіру ол біздің басты мақсатымыз.