Роман Скляр Ақтөбе облысына барып, жауапты тұлғаларға тапсырма берді

Бірінші вице-премьер Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен және жүргізіліп жатқан жұмыстарды үйлестіру барысымен танысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі су тасқыны жағдайымен, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіру барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында бірінші вице-премьер Ақтөбе су қоймасының ағымдағы жай-күйін тексерді, ол еріген қар суының шамадан тыс жиналуы салдарынан толып кеткен. Су қоймасындағы суды ағызып жіберу нәтижесінде Елек және Қарғалы өзендерінің бойында орналасқан Ақтөбе қаласының саяжайлары су астында қалды. Қазіргі уақытта су қоймасы 100%-ға толған, су гидротехникалық құрылыстар арқылы секундына 1 000 текше метр қарқынмен жіберіліп жатыр. Р.Скляр су қоймасының жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізуді, ал су жіберу бойынша барлық жұмысты жергілікті атқарушы органдармен келісуді тапсырды. Сонымен қатар жұмыс сапары барысында ТЖМ өкілдерімен бірге Сазды су қоймасын, Қарғалы және Елек өзендерінің бойындағы бау-бақша және тұрғын алаптарын тікұшақпен аралап ұшып шықты. Алға ауданындағы қорғаныс бөгеттері тексерілді.Бүгінгі жағдай бойынша облыстың үш ауданында (Қобда, Мұғалжар, Темір) және Ақтөбе қаласында жергілікті деңгейдегі табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды. 6 ауданда электр қуаты апатты түрде ажыратылып, 200-ге жуық үй су астында қалды, 2 870 адам эвакуацияланды. Су тасқыны салдарын жою жұмыстарын жеделдету үшін Ақтөбе облысына шамамен 220 адам және 25-тен астам техникадан жасақталған Маңғыстау облысы ТЖД, 52859, 20982 әскери бөлімдерінің күштері мен құралдары жіберілді.Жалпы өңірдегі су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 1 735 адам, 350 техника мен 62 мотопомпа жұмылдырылған. Мемлекеттік органдардың барлық күш-жігері су тасқынының салдарын барынша азайтуға бағытталған. Зардап шеккендерге Үкімет пен әкімдіктер тарапынан қажетті көмек көрсетілетін болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде қыс айларына арналған арнайы техникалар паркі жаңартылуда
Түркістан облысының полициясы 24 қылмыстық топты ұстады
Жол жабылып, рейстер тоқтатылуы мүмкін: Астанада қалың қар жауып, боран соғады
Құтқарушылар бір жасар балаға көмекке келді
“Нұрболханмен бекер соттасыппын“. Ләйлә Сұлтанқызы ұялатын әрекеті жайлы айтты
«Адамды мыжып кететін байдың балаларын неге көрмейді?!»: Экс-шенеунік заңгерге жақпай қалды (ВИДЕО)
Францияда маймыл шешегінің жаңа штамы тіркелді
Ақтөбеде қыс айларына арналған арнайы техникалар паркі жаңартылуда
Жаңажылдық демалыстан кейін режимді қалай қалпына келтіруге болады?
Қостанайлық құтқарушылар азаматтарға көмек көрсетті
Төтеншеліктер сырғанау кезіндегі ережелерді еске салды
Алматыдан жолға шыққан сүт таситын көлік қар құрсауында қалып қойды
Біріккен Араб Әмірліктері авиация саласында рекорд орнатты
Жол жабылып, рейстер тоқтатылуы мүмкін: Астанада қалың қар жауып, боран соғады
Қарағандыда жеке клиникаға ота жасатуға барған ер адам көз жұмды
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдариядағы су көлемін есепке алуды автоматтандыру жөнінде келісімге келді
Қарағанды облысында ауыл мешіті жанып кетті
Түркістан облысының полициясы 24 қылмыстық топты ұстады
Түркістан облысында полиция 24 қылмыстық топты ұстады
Атырауда жанармай бекетінде көлік өртенді
Түркістан облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдарда шектеулер енгізілді
Шымкент: Тұран ауданында абаттандыру бойынша 40 жоба жүзеге асырылды
Астанада 1 200-ден астам техника көшелерді қардан тазалап жатыр
Қостанайда жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойған