Ninety one тобының мүшесі ZAQ пен әйелі Жадыра Абдулжаппарова ара-қатынасы туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Ерлі-зайыпты ELLE басылымының Mahabbat Quiz бағдарламасы аясында түрлі сұрақтарға жауап берді. ZAQ-тың айтуынша, ол әйелін алғаш рет 2017 жылы ақпанда көрген. Өнер иесі романтикаға жоғын айтты, алайда ол алғаш болып сезімін білдірген. Ал сүйіктісіне алғаш сыйлаған сыйлығы - мольберт. "Дулат (ZAQ - еск.) ақылды. Көбіне мен тұрмыстық жағдайды ойласам, ол екеуміздің рухани дамуымызды ойлайды. Кейде сезімтал, бір сөзбен күшті адам", - деді Жадыра. ZAQ көп жағдайда сезімін білдіре алмайтынын, соның кесірінен кейде түсініспеушілік болатынын айтты. "Бірге болатынымызды білдім. Әжем "үйленіңдер" деген соң, шешім қабылдадым", - деді ZAQ . Еске салайық, бұған дейін Ninety One тобының мүшесі ZAQ жарымен қалай танысқанын айтып, күтпеген мәлімдеме жасаған еді. Жүргізушінің сөзінше, олар 5 жыл бұрын "Су асты" клипінде танысқан. Ал әнші бір көргеннен ғашық болғанын айтты."Өмірім өзгерді, көзқарасым өзгерді. Бірінші рет көргенде, ерекше екені көрініп тұрды. Бір көргеннен ғашық болдым. Оны түсіну үшін аса бір сөйлесіп те қажет емес болды....Турымыз басталды. Турда әңгімелесіп, сөйлесе бастадық. "Баяу" бейнебаянның түсірілімінде екеуміз жалғыз қалып, сөйлесіп қалдық", - дейді әнші.Ал әншінің жары бірінші кездесуде ештеңе сезбегенін жеткізді. Сондай-ақ, қашан жақсы сөйлесе бастағанын әңгімеледі."Танысқан кезде ештеңе сезбедім. Өйткені ұяламын. Менің "макияж жасағанда көзге тіке қарамау" деген ережем болды. Ол кезде бәрінен ұялдым. ...Ол менен кіші, інімдей қабылдадым. Ең басында жігіт ретінде қарамадым. Ұзақ жол кезінде әңгімелестік", - деді ол."...Турне кезінде түсіндім. Олармен жұмыс істегеніме 4 ай болды. Бір қаладан екінші қалаға барғанда, ұзақ жол болды. Отырып, әңгіме айттық. Әдейі болды ма немесе кездейсоқ па, білмеймін. Мен әдетте жалғыз отыратын едім. Бала ауысуымды сұрады. Ол жалғыз отырғысы келді. Мен оның қасына отырдым, түні бойы әңгіме айттық. Бірдей ойлайтынымызды түсіндім..." - деді Жадыра.