Португалдық футболшы Пепе Чемпиондар лигасында гол соққан ең егде футболшы атанды. Ол түнде "Антверпен" командасына қарсы ойында екінші голды өз еншісіне жазды, деп хабарлады massaget.kzҚорғаушы гол соғып қана қоймай, Еуропаның басты футбол бәсекесінде рекорд орнатты. Ол 40 жас 254 күнде гол соққан ең егде футболшы құрметіне ие болды. Бұған дейін Чемпиондар лигасында гол соққан ең егде ойыншы Франческо Тотти болатын. Ол 2014 жылы ЦСКА командасына гол соққанда 38 жаста болған. Түнде өткен ойында "Порту" командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Пепеге дейінгі бір голды Эванилсон пенальтиден соқты. Пепе танымал португалдық футболшы Криштиану Роналдудың бала күннен бергі досы. Олар Мадридтің "Реал" клубында бірге ойнады. Ұлттық құрамада әлі күнге дейін қатар доп теуіп келеді."Н" тобында "Порту" мен "Барселона" 9 ұпаймен көш басында келеді. Кеше каталондық клубты ұтқан Донецкінің "Шахтер" командасында 6 ұпай бар. Бельгияның "Антверпен" командасы әлі бірде-бір ұпай еншілей алған жоқ.