Роза Рымбаева "Қырғыз Республикасының халық әртісі" атанды

Роза Қуанышқызы Рымбаева "Қырғыз Республикасының халық әртісі" атанды, - деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.19 сәуірде ҚР Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табыстау рәсімі өтті.Салтанатты іс-шара барысында Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы Сүйінбек Қасмамбетов мәдениет және өнер өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттау ғасырларға ұласқан достықтың, ортақ мәдениеттің, дамып келе жатқан ынтымақтастықтың белгісі екенін атап өтті. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамуына бағытталған қадам ретінде қарастырылуы керек екенін сөз етті.Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қырғызстан Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, көрнекті ақын, дипломат, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы бұрынғы елшісі Мұхтар Шаханов "Данакер" орденімен марапатталды. Ал "Достук" ордені публицист, әдебиеттанушы, журналист, киносыншы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Сауытбек Әбдірахмановқа, Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, түркітанушы ғалым Мырзатай Жолдасбековке және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы, ректор Жансейт Түймебаевқа табысталды."Даңк" орденін Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова иеленді.Сондай-ақ "Қырғыз Республикасының Халық әртісі" құрметті атағы қазақстандық белгілі композитор Алтынбек Қоразбаевқа, танымал эстрада әншісі, киноактриса Роза Рымбаеваға берілді.Әнші Роза Рымбаева мәдениеттің шекарасы жоқ екенін атап өтті."1996 жылы маған Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағы берілді. 28 жылдан кейін "Қырғыз Республикасының Халық әртісі" құрметті атағын алып отырмын. Бұл мен үшін үлкен жетістік", - деді ол."Таң-Шолпан" көркем-әдеби журналының редакторлар кеңесінің төрағасы, бас директоры Дидар Құлкенов "Даңк" медалімен марапатталды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әлем чемпионаты: Қазақстан жастар құрамасы Швециядан жеңілді
“Жайлы мектеп“ жайлы болып тұр ма?
Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан ұшқыштың қызы жантебірентер жазба жариялады
11,2 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды
ICAO ұйымы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады
Отандық білім беру саласының көшбасшысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті
2024-те көп қойылған есімдер
Жанна Уразбахованың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Ұшақ апаты: ауруханадағы алты адамның жағдайы қандай?
Жарылыс болған кезде, ұшақ бөлшектеніп кетеді деп ойладым...
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Ұшақ апаты: Ақтауға бразилиялық шенеуніктер келді
Астанада полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтардың қазіргі ахуалы айтылды
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды
Астанада жаңа жылдық ойын-сауық басталды
Ақтаудағы ұшақ апатын зерттеуге шетелдік мамандар ұшып келді
Еліміздің 14 облысына дауылды ескерту жарияланды
Актаудағы ұшақ апаты: Бразилиядан келген мамандар тергеу жұмыстарын бастады
Трамп TikTok-қа тыйым салу туралы шешім қабылдамауға шақырды
“Қуығына зақым келген“. Полицейлерден қорлық көрген шопан әділдік іздейді
«Әке, жүрегімде мәңгі қаласың»: қайтыс болған ұшқыштың қызы
Қазақстанда жемқорларды мерзімінен бұрын бостандыққа шығармау Конституцияға сәйкес деп танылды