Роза Рымбаева марапатталған ұлын сынағандар жайлы: Түні бойы ұйықтай алмай шықтым

2023 жылдың күзінде әнші Әли Оқаповтың "Құрмет" орденімен марапатталуына байланысты желіде дау бұрқ етті. Осыдан кейін ол барлық марапатынан бас тартуға дайын екенін мәлімдеді. Осы күнге дейін бұл дауға қатысты эстрада әншісі Роза Рымбаева үнсіз келген еді, деп хабарлайды Zakon.kz.Алайда Халық әртісі үнсіздікті бұзуды жөн көріпті. Роза Рымбаева ұлына қатысты аталған жайтқа Динара Сатжанға берген сұқбатында тоқталады. Өз сұқбатында Роза Рымбаева ұлына қатысты сын-пікірлер жайлы тек үш күн өткен соң білгенін айтады. "Басында ұлыма орден берілгелі жатқанын естідім. Оған таң қалып, сол күйінде ән айту үшін сахнаға шығып кеттім. Содан кейін үш күн өткен соң естимін ғой барлығын. Мен Instagram-да отырмаймын, ешқашан негатив хабарларды, бағдарламаларды қадағаламаймын. Балалар мені естімесін деген, оның үстіне бұл күндері қолым бос болмады. Мен ұлымның өнерін тамашалағанда ғана білдім. Мәди ағасы үшін қатты уайымдады. Осыдан кейін түні бойы ұйықтай алмай шықтым. Не істерімді білмедім, не жыларымды, не күлерімді, бастысы балаларға осалдығымды көрсетпеуім керек. Егер мен жылап қалсам, олар қандай күйде болады? Қайта желіде айтылғандардың барлығын ежелеп оқып жатпадым, сол жақсы болды", - дейді Роза РымбаеваОның айтуынша, бұл орден олардың өмірін, ұстанымдары мен кәсіби қырын еш өзгертпейді. "Менің ұлдарым 18 жыл музыка мектебінде оқыды, осындай ауқымды кәсіби білімі бар. Сондықтан ол жағынан мен еш саспаймын. Олар ұстаз да бола алады, жетекшілік те ете алады, оркестрде пианист, композитор бола алады, аранжировщик ретінде де жұмыс істей алады. Өз басым, Әлидің әкесінің жолын қуғанын қалаймын. Мүмкін, уақыт өте келе ол осы жолға түсер. Барлық марапаттар, құрметті атақтар ештеңені өзгертпейді: біз одан бай бола түскен жоқпыз. Біз осыған дейін қалай өз жұмысымызбен айналысып жүрсек, солай алда да өз бағытымыздан таймаймыз", - дейді Роза Рымбаева 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады