Рудный қаласында тағы жылу құбыры жарылды

Тобыл өңіріндегі Рудный шаһарында тағы жылу құбыры жарылды. 24 көпқабатты, 59 жеке сектордағы тұрғын үйден басқа 17 нысан жылусыз қалды. Кеншілер қаласындағы Горняков көшесіндегі коммуналдық апат осымен бірнеше рет қайталанып отыр. Тұрғындар таңертеңнен бері пәтерлері салқындай бастағанын айтады. Бүгін қалада ауа температурасы -16.БЛИЦ: - Үйдің іші суық. Оның үстіне балаларымның қызуы көтеріліп ауырып отыр. Жылуды қашан беретіні белгісіз. Қашан бұл мәселенің шешілетіні белгісіз. Қыс бойы бірнеше рет өшіп жатыр. - Биыл екінші рет қайталанып жатыр. Қыс. Суық ғой. Балам үнемі ауырып қалады. Пәтер салқын. Қала әкімінің орынбасары Азамат Ысқақовтың айтуынша, апат орны анықталып, сыртқа аққан су құрғатылған. Жөндеу жүріп жатыр. Бүгін жылу беріледі деп сендірді. Рудный қаласында 1 қазаннан бері инженерлік желілер осымен 74 -ші рет жарылған. Кеншілер қаласындағы жылыту орталығы екі жыл бұрын әкімдік еншісіне қайтарылған. Жылу құбырларының алпыс проценті тозған. Азамат ЫСҚАҚОВ, РУДНЫЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгін жұмыстарды аяқтауға тырысамыз. Сосын жылу беру басталады. Көпқабатты үйлердегі жылу жүйесін қатырып алмау үшін жарылған құбырды тез ауыстыруымыз керек. З. Санай

Читать источник astanatv.kz/kz/
Петропавлда дәмхана маңындағы төбелес видеоға түсіп қалды
Депутаттар есеп берді
«Асын ішіп, аяғына түкіру» дейді мұндайды»: Димаштың анасы танымал ресейлік блогерді орнына қойды (ВИДЕО)
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Зомбылық түбі – қорлық
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды