Рудный қаласындағы жанармай құю бекетінде жанжал шықты. Олар кезекке таласқан. Газ құю бекетіндегі қос жігіттің төбелесі әлеуметтік желіде желдей есіп, жебедей зулап тарап жатыр. Көрініс куәгерлері «газға таласқандар айқасы» деп айдар таққан. Ал полиция кезек үшін келіспей қалғандарды дереу анықтап, әкімшілік іс қозғады.Карина БАЗАРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: Төбелесті бастағанға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Тиісті сараптама тағайындалды.Сонымен қатар, екі қатысушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс жүргізу шешімін әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі сот қабылдайды.