13 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 16:58 Румынияның оңтүстік-батысында 5,0 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Зілзаладан ешкім зардап шекпеген. Жер сілкінісінің әсері Сербия, Болгария, Хорватия, Босния мен Герцеговине елдерінде байқалған. Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияда жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген афтершокпен жалғасқан жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде де сезілді. Соның бірі – Сирия, ондағы құрбандар саны 3 574-ке жетті. Ал Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 31 мыңнан асты.