Партия Төрағасы Ерлан Қошановтың Қаулысымен «AMANAT» партиясының Хатшысы болып Руслан Әлішев тағайындалды.Руслан Әлішев 1978 жылы 29 шілдеде дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі. Әр жылдары Петропавл қаласының әкімдігінде жұмыс істеді, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметін басқарды. Сондай-ақ, «NUR MEDIA» ЖШС бас директоры, партия Атқарушы хатшысының кеңесшісі лауазымдарын атқарды. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап «AMANAT» партиясының Орталық аппараты Саяси жұмыс департаментінің директоры болды.