Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина "Ролан Гарростан" кейін жеке рекордына қол жеткізді. 23 жастағы теннисші WTA рейтингінде 3-орынға көтеріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz.Бұған дейін қазақстандық теннисші Live рейтингінің үздік үштігіне енген еді, оның негізгі қарсыластарының жеңілісі Рыбакинаны рекордтық орынға шығуына әсер етті.Бірінші болып франциялық Каролин Гарсия мен америкалық Джессика Пегула, ал бүгін, 7 маусымда тунистік Онс Жабер жеңіліске ұшырады.Африкалық теннисші Париждегі турнирде жеңіске жетсе, қазақстандық спортшыны басып озуы мүмкін еді, бірақ ширек финалда Жабер бразилиялық Беатрис Хаддад Майядан жеңіліп. Ол осылайша, жоғары көтерілу мүмкіндігінен айырылды.