Жаздың алғашқы күнімен қатарласа келетін мереке еліміздің түкпір-түкпірінде тойланды. Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті де думанды шара ұйымдастырды. Оқу орны алаңында мерекелік концерт, шеберлік сағаты болды. Сондай-ақ қазақша күрес, ләңгі, арқан тарту, қолкүрес сынды ұлттық спорт түрлерінен тартысты жарыстар өтті. Думан ЕРКІНҰЛЫ, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚазАТЗУ “АҚЖЕЛКЕН” СТУДЕНТТІК ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:Мереке көңілді өтуде.Біздің басшылықтың қолдауымен.Мерекені ұйымдастырдық.Қазір балаларға беретін сыйлықтарымыз бар.Мінекей жастар театрынан актерлары келіп балалардың көңілін көтеріп жатыр.Өзіміздің концерттік бағдарламамыз бар. Еңлік ЕРКІН, ОҚУШЫ:Маған бұл кеш қатты ұнады.Мультфильмнің кейіпкері келді. Қызықты өте. Балалар билеп өздерін көрсетіп. Бұл жерге келгеніме мен өте қуаныштымын!

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті балалар күніне орай мерекелік шара ұйымдастырды
Жаңалықтар






































