Жаздың алғашқы күнімен қатарласа келетін мереке еліміздің түкпір-түкпірінде тойланды. Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті де думанды шара ұйымдастырды. Оқу орны алаңында мерекелік концерт, шеберлік сағаты болды. Сондай-ақ қазақша күрес, ләңгі, арқан тарту, қолкүрес сынды ұлттық спорт түрлерінен тартысты жарыстар өтті. Думан ЕРКІНҰЛЫ, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚазАТЗУ “АҚЖЕЛКЕН” СТУДЕНТТІК ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:Мереке көңілді өтуде.Біздің басшылықтың қолдауымен.Мерекені ұйымдастырдық.Қазір балаларға беретін сыйлықтарымыз бар.Мінекей жастар театрынан актерлары келіп балалардың көңілін көтеріп жатыр.Өзіміздің концерттік бағдарламамыз бар. Еңлік ЕРКІН, ОҚУШЫ:Маған бұл кеш қатты ұнады.Мультфильмнің кейіпкері келді. Қызықты өте. Балалар билеп өздерін көрсетіп. Бұл жерге келгеніме мен өте қуаныштымын!