Петропавлда өзіне қол салған тоғызыншы сынып оқушысының оқиғасын куәгерлер айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.9-сынып оқушысын шатырдан секіруге итермелеген нәрсе отбасындағы проблемалар болуы мүмкін. Өзіне қол жұмсамақ болған кезде оны көрші үйдің тұрғындары байқап, дереу полиция шақырған. "102 ұзақ уақыт бойы телефонды алмай, біраздан кейін жауап берді. Бұл жайттың алдын алу үшін сол жерге жүгірдік, бірақ бізде уақыт болмады. Оның ағылшын тілі мұғалімімен сөйлестік, ол қыздың сабақта жылап, мазасы кетіп отырғанын және отбасында қандай да бір қиындықтар болғанын айтты", – деді қала тұрғыны Юлия Андроненко. Мектептеғылер қыздың үлгілі оқушы болғанын және жақсы оқығанын айтады. "Дәл осы күні соңғы қоңырауға дайындық болған. Ол сыныптастарымен бірге кабинетті безендірді, дайындық өтті, фотосессия жасап, суретке түсті. Бала көңілді болды. Ештеңе байқалмады, бұл жағдайды ешкім болжай алмаған. Соңғы сабақ дене шынықтыру болды, онда ол баскетбол, волейбол ойнады. Осыдан кейін бейнекамераларды қарап шықтық, ол өте көңілді болған", – деп атап өтті № 40 қалалық ОМ директоры Роза Мырзатаева. Мектеп үйден бірнеше жүз метр қашықтықта орналасқан. Неліктен мектеп оқушысы мұндай қадамға не себепті барғанын полицейлер анықтайды. "Бұл факт ҚК 105-бабы "Суицидке дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Істің мән-жайларын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіледі, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады”, – деп мәлімдеді СҚО ПД баспасөз хатшысы Мадина Ерғалиева.