Таразда жеті айлық бала сақина жұтып қайған. Дәрігерлер нәрестені аман алып қалды. Бұл Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.7 айлық нәресте жұтынудың қиындауы, мазасыздану шағымдарымен ауруханаға түскен. Ата-анасы бала бөгде зат жұтып қойғанын айтқан. Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде кішкентай науқасты хирург кезекші Валиев қабылдады. Аспаптық зерттеу әдістерін қолдану арқылы баланың өңешінен металл зат сақина табылды. Бөтен денені алып тастау үшін хирургиялық ота жасау үшін нәресте шұғыл түрде хирургия бөліміне жатқызылды. "Мұқият дайындықтан кейін тәжірибелі дәрігерлер – балалар хирургиясының ординаторы Әлімжан Әукенов, анестезиолог Мұратбаевтан құралған операциялық топ операцияны сәтті орындап, емделгеннен кейін бала аман-есен үйіне шығарылды", - делінген хабарламада. Осыған дейін бір жасар бала моншақ жұтып қойып, ауруханаға түскен. "Жедел жәрдем бөлмесінде баланы кезекші хирург Қанат Дүйсебаев, Юсуп Валиев тексеріп, тыныс алу жолдарынан бөгде денені шығаруға операция алдындағы дайындық үшін шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Аспаптық зерттеу әдістерін қолданып, баланың бронхында бөгде зат орналасқанын анықтады. Бөгдей затты шығару отасы сәтті аяқталды”, – делінген хабарламада.