Сәбиді аман алып қалды

Алматыда дәрігерлер көмегімен салмағы 998 гр болып өмірге келген сәбиді аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, қалалық Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында салмағы 998 грамм болып шала туған 7 айлық нәресте дүниеге келген. Жаңа туған нәрестені тексеру кезінде дәрігерлер ағзаларының жетілмегендігі, бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі, екі жақты гипоплазия және бүйрек поликтозы диагнозын қояды. «Бұл ауыр дәрежедегі туа біткен бүйректің зақымдануы. Баланың мерзімінен бұрын 998 грамм болып туып, ағзаларының жетілмегендігінің өзі жағдайды күрделендіріп тұрған, екі бүйректің зақымдануы жағдайды қиындата түсті. Оның аман қалуына үміт аз еді. Біз ағзалардың жетілмегендігін жеңе алсақ та, бүйректерде асқынулар болатынын білдік. Солай болды да, бала реанимацияда 52 күн, кейін нәрестелер патологиясы бөлімшесінде 2 ай жатты. Біз Асфендияров кафедрасынан мамандарды шақырдық, консилиумдар өткіздік», - деді Орталық директорының орынбасары, дәрігер-неонатолог Елена Плужникова. Оның айтуынша, аурудың ауырлығына қарамастан, бала жақсы дамыды. Біртіндеп жүргізілген барлық медициналық көмектен соң бала салмақ қоса бастады, сондай-ақ, қыз балада ретинопатия анықталғандықтан, оның көзіне операция жасалды. Ауруханадан шығару кезінде екі келіге дейін салмақ қосты. «Қыз ауруханадан шыққанда денсаулығы орташа-ауыр дәрежеде болатын. Оны бірден нефролог пен уролог есепке алды. Бүгінгі таңда бала бүйректің жұмысын қамтамасыз ететін дәрі-дәрмектер қабылдайды. Кейін бала сәл өскен соң, бүйрек трансплантациясы туралы сөз қозғауға болады. Алты айға дейін оны жасауға болмайды, себебі, бала салмақ қосып, мықты бола түсуі керек. Кейін ата-анасы порталға ары қарай емделу үшін өтініш бере алады», - деді Елена Плужникова.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақмола облысында ондаған асхана рұқсатсыз жұмыс істеген
Алматылықтарды 3,7 млрд теңгеге алдап соққан Өзбекстан азаматы экстрадицияланды
Қостанайда 5 баланың өліміне не себеп болғаны анықталды
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Мені ешкім өзбек деп ойламайды | Айтысты көп көрдім – қазақшам жақсарды | 4 тілді жетік білемін