Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың "жемқорлық жасады" деп айыпталған туысы Ұлан Жапаров үйқамаққа шығарылды.Ішкі істер министрлігінің тергеушісі бұлтартпау шарасын 26 қарашаға дейін өзгертуді сұрады. Бұған дейін айыпталушы №21 түзеу мекемесінде болған, деп мәлімдеді 24.kg. Садыр Жапаровтың туысына Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің "Сыбайлас жемқорлық" бабы бойынша айып тағылды. Істі Ішкі істер министрлігінің тергеу қызметі жүргізіп жатыр.Ұлан Жапаров – Садыр Жапаровтың туысқан ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы.