Саха Республикасының Мемлекеттік опера және балет театры әртістері Қазақстанда алғаш рет өнер көрсетті

Саха Республикасырың (Якутия) мәдени күндері аясында алғаш рет «Ньургун Боотур» операсының көрсетілімі қазақстандық көрерменге жол тартты. Театр әртістері үшін бұл айтулы оқиға, өйткені бұрын спектакль елден тыс жерде көрсетілмеген. «Ньургун Боотур» – көптеген хор және балет сахналары бар көлемді ұлттық якут жобасы. Спектакль якут эпосына негізделген және басты кейіпкердің, батыр Ньургун Боотурдың тылсым әлем күштерімен күресі туралы баяндайды. Режиссер Андрей Борисовтың қойылымына 200-ге жуық оркестр, опера, балет, хор және драма әртістері қатысты. Реквизиттердің, костюмдер мен аяқ киімдердің жалпы салмағы 3,5 тоннаға дейін барады. Ал театрдың симфониялық оркестр құрамы белгілі шығармашылық ұжым «Якутия виртуоздары» скрипкашылар ансамблінің қатысуымен әрлене түсті.Д.К. Сивцев-Суорун Омоллоон атындағы Саха Республикасының Мемлекеттік опера және балет театрының директоры Владислав Левочкиннің айтуынша, көрермен якут ұлттық эпосының қойылымын тамашалады.«Біздің театр Қазақстанда алғаш рет өнер көрсетті және біз Якутияның кәсіби өнерінің басты жетістігі атанған «Ньургун Боотур» операсын көрерменге ұсынғанымызға қуаныштымыз. Менің ойымша, әрбір көрермен біздің арамызда ортақ дүние көп екенін, Қазақстан мен Якутияның мәдени тамыры тереңде екенін байқайды», - деді ол. «Ньургун Боотур» спектаклі 22 сәуірде Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қойылады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда жемқорларды мерзімінен бұрын бостандыққа шығармау Конституцияға сәйкес деп танылды
«Бір апта бұрын ғана жұмысына оралған». Ұшқыш Кальяниновтың анасы ұлы туралы естеліктерімен бөлісті
ИКАО Актаудағы ұшақ апатына байланысты мәлімдеме жасады
11,2 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды
ICAO ұйымы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады
Отандық білім беру саласының көшбасшысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті
2024-те көп қойылған есімдер
Жанна Уразбахованың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Ұшақ апаты: ауруханадағы алты адамның жағдайы қандай?
Жарылыс болған кезде, ұшақ бөлшектеніп кетеді деп ойладым...
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Ұшақ апаты: Ақтауға бразилиялық шенеуніктер келді
Астанада полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтардың қазіргі ахуалы айтылды
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды
Астанада жаңа жылдық ойын-сауық басталды
Ақтаудағы ұшақ апатын зерттеуге шетелдік мамандар ұшып келді
Еліміздің 14 облысына дауылды ескерту жарияланды
Актаудағы ұшақ апаты: Бразилиядан келген мамандар тергеу жұмыстарын бастады
Трамп TikTok-қа тыйым салу туралы шешім қабылдамауға шақырды
“Қуығына зақым келген“. Полицейлерден қорлық көрген шопан әділдік іздейді
«Әке, жүрегімде мәңгі қаласың»: қайтыс болған ұшқыштың қызы
Қазақстанда жемқорларды мерзімінен бұрын бостандыққа шығармау Конституцияға сәйкес деп танылды