Түркістан облысының экс-әкімі Өмірзақ Естайұлы бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа ешқандай да пәтер бермегені анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz.Естеріңізде болса, бұрынғы әкім боксшыға «Сырдария» тұрғын үй кешенінде орналасқан пәтер кілтін табыстаған. Блогер Олжас Мамырдың Facebook-тегі жазбасына қарағанда, бұл жалған болып шықты. Ол үйді Сәкеннің атына әлі аудармаған. Берілген баспана арендалық үй. Turkistan Sport үйді қашан табыстайсыздар? Әлде барлық жерде осылай дүркіретіп беріп, көзбояушылыққа өттіңіздер ме? Қанат аға, өтініш тез реттеп берсеңіз. Әйтпесе басқада дүниелердің арты ашылады. Ақша жинауға байланысты. Үйді берсеңіздер, менде тынышпын. Бермесеңіздер, Ақордаға шығуға мәжбүрміз, - деп жазды блогер.