"Саламатты Қазақстан" пойызы 140-тан аса елдімекенге тоқтайды

Елордадан шыққан "Саламатты Қазақстан" пойызы шалғайдағы 140-тан аса елдімекенді аралайды. Вагондағы 15 жоғары білікті дәрігер ауыл тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетеді. Мамандар қарғын су шайып кеткен ауылдарға да барады. Динара ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ: "Саламатты Қазақстан" пойызында халық түрлі медициналық көмек ала алады. Олардың шағын хирургиялық операциялар жасатып, тіс емдетуге де мүмкіндігі бар. Жалпы медпойыз 90 мың тұрғынға көмек көрсетеді. Медициналық пойыздың алғашқы бағыты- Батыс Қазақстан облысы. Жолға шыққан дәрігерлер жылсоңына дейін халыққа ем-дом жүргізеді. Сондай-ақ бекетке келе алмағандардың үйіне барып, медициналық көмек көрсетеді. Айнұр ЕГІНБАЕВА, АҒА ДӘРІГЕР: Тегін түрде анализ тапсыра алады. Тегін түрде маммография, ренгенография, ЭГ және ректороманоскопия, осы барлық зерттеулерді, кеңестерді біздің медициналық пойызда тегін түрде ала алады. Біз халықтың страховкасы бар-жоғына қарамаймыз. Ерболсын МАЛЕНОВ, СТОМАТОЛОГ: Біздің стоматология бүкіл керекті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Тегін консультация, тіс жұлу бар оның ішінде. Үлгермеген жағдайда біз аудан орталықтарына, қалаға консультация жолдамамен жібере аламыз. Шойын жолдағы медициналық бекетте ауылдағы тұрғындардың денсаулығы толық тексеріледі. Сырқатқа шалдыққандарды аурудың алғашқы сатысында анықтауға мүмкіндік бар дейді, мамандар. Тимур СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Осы жылы жаңадан аппараттар алынды. Қазір пойыз ішінде ең қажетті құрал-жабдықтар бар. Ең бастысы, дәрігерлер жеткілікті. Жобаға 30 маман жұмылдырылса, оның 15-і дәрігер. Биыл денсаулық пойызында кардиолог, маммолог, педиатр және терапевт мамандар бар. Одан бөлек заңгер, психолог, медиаторлар да тегін қызмет көрсетеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Психотроптық затты заңсыз айналымға түсіріп, сақтағаны үшін бас бостандығынан айырылды
Қайтқан активте қайыр бар
Түркі жұртына ортақ тұлға
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Euronews: Ақтау маңындағы ұшақ апатына зымыран себеп болды
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: қайтыс болған 10 адамның жеке басы анықталды