Салық пен мобильді аударым: Таксистер мен дүкеншілердің табысы қалай бақыланады?

Салық пен мобильді аударым: Таксистер мен дүкеншілердің табысы қалай бақыланады?

2023 жыл аяқталарда халық арасында енді дүкендер, таксилер онлайн аударымдарды қабылдамайтынын, қайтадан қолма-қол ақшаға көшетінімізді айтып, азаматтар абдырап қалды. Бұл дүрбелең бүгін де әлі басылмай отыр. Халықтың алаңдауына не себеп? Мобильді аударым мен мобильді төлем деген не? Сұрақтардың жауабын іздеп көрейік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Соңғы жылдары банктердің мобильді қосымшаларының танымалдығы өсті, кәсіпкерлер оларды тауарларды сату және қызметтерді көрсету үшін төлемдерді қабылдау үшін көбірек пайдаланады. Қазақстанда 2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86%-ға дейін өсті. 6 жастан асқан балалар да қолма-қол ақшасыз төлемдерді белсенді пайдаланады, ата-аналардың 41,4%-ы балаларына карта рәсімдеген. Алайда, жеке кәсіпкерлер өткізген тауарлары мен көрсетілген қызметтері үшін қолма-қол ақша төлеуді талап етіп, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту жағдайлары да кездеседі. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту - заңсыз, себебі «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңның нормаларында әртүрлі төлем әдістері – банк картасы, QR төлемі немесе қолма-қол ақша қарастырылған. Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту, ал қайталап заң бұзғаны үшін 147 680 теңге (40 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу көзделген. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері болса, онда мемлекеттік кірістер органдарына хабарласуыңыз қажет. Сонымен бірге Салық кодексі микро және шағын бизнес субъектілеріне оңайлатылған салық салу жағдайы жасады, атап айтқанда: салық мөлшерлемелері қызмет түріне байланысты 1%-дан 4%-ға дейін. Кәсіпкер өзіне ыңғайлы салық режимін таңдай алады: – патент (салық мөлшерлемесі 1%); – оңайлатылған декларация (салық мөлшерлемесі 3%); – бөлшек салық режимі (салық мөлшерлемесі 4%). Салық және әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептелетін және төленетін «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы салық салу режимін таңдауға болады. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсыруы тиіс, сондықтан кәсіпкерлік қызметтен алынған кірістерді дұрыс көрсету өте маңызды. Кейінгі жылдары мүлікті сатып алған жағдайда бұл кірістер салық салу мақсатында есепке алынады. Тауарларды сату немесе қызмет көрсету кезінде кәсіпкерлер де сатып алушыға түбіртек беруге міндетті. 2023 жылы МКК-ға қатарынан үш айдың әрқайсысы ішінде 100 түрлі тұлғадан жеке банктік шотқа аударымдар алған жеке тұлғалар бойынша банктерден мәліметтер келіп түсті. Банктер мәліметтерді тек осы өлшемшарттарға сәйкес келген адамдар бойынша жібереді, - деді Мемлекеттік кірістер комитеті Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов. Мемқызметші, жеке кәсіпкер мен қарапайым халықтың шоты қалай тексеріледі Банктер кімнің шоты бойынша ақпарат береді: 1) 2023 жылдан бастап – мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша (2022 жылдың қорытындысы бойынша); 2) 2024 жылдан бастап – мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары бойынша (2023 жылдың қорытындысы бойынша); 3) 2025 жылдан бастап – жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары бойынша (2024 жылдың қорытындысы бойынша); 4) 2026 жылдан бастап – халықтың қалған бөлігі бойынша (2025 жылдың қорытындысы бойынша). Бүгінгі таңда 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша ақпарат алынды. Ал биыл, яғни 2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары бойынша ақпарат беріледі. Бұл жоба жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған, өйткені көптеген кәсіпкер тауарлар, қызметтер үшін төлемді жеке шоттарға (дүкендер, такси жүргізушілері және т.б.) мобильді аударымдар арқылы алады. Сонымен қатар аударымдар көбінесе чектер берілмей қабылданады, - деді МКК баспасөз қызметі. Осыған байланысты МКК кәсіпкерлерге кәсіпкерлік қызметке арналған шоттарға (бизнес-шоттарға) төлем қабылдауды ұсынады. «Кәсіпкерлер тұтынушы жағдайын жасауы керек» Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Айнұр Сартаева салық кімге, қалай есептелетінін түсіндіріп берді. Өзіміз де дүкенге барып, қажетімізді сатып аламыз. Бізге көбінесе қолма-қол ақшадан гөрі, электронды түрде есеп айырысқан ыңғайлы. Мұндай мүмкіндіктерді еліміздің азаматтары қолданып отыр. Яғни кез келген дүкен немесе сауда нүктесінің иесі азаматтарға оған қалай төлеуге ыңғайлы болса, сондай тәсілде төлеуге мүмкіндік беруі керек. Мысалы, азаматқа банк картасымен төлеу ыңғайлы болса, онда дүкен оған POS-терминал ұсынуы не болмаса QR-кодпен төлеуге ыңғайлы болса, оған да жағдай қарастыруға тиіс, - деді ол. Сартаева кәсіппен айналысатындардың клиенттерінен қолма-қол ақша сұрауы заңсыз екеніне назар аударды. Айтуынша, бұл жерде тұтынушы құқығы да бұзылып отыр. Егер дүкен азаматтың карта арқылы немесе QR-код арқылы төлемін қабылдамай, қолма-қол ақша талап етсе, онда азамат осы дүкенге қатысты мемлекеттік кірістер органдарына шағымдана алады. Сондай-ақ бақылау кассасының фискалды түбіртегін бермесе де азамат кәсіпкерге қатысты шағым жолдай алады. Кәсіпкерлер де алдағы уақытта ойлануы керек. Себебі, бұл нарық. Яғни бұл процедуралардың бәрін нарық реттейді. Мысалы, екі дүкен қатар тұр делік. Бір дүкенде «қолма-қол ақшаны ғана қабылдаймыз» деп талап қойып отыр. Ал екінші дүкен керісінше азаматтардың төлем жасауына барлық жағдайды жасап отыр – картамен де, QR-кодпен де және т.б. Енді қолыңызда қолма-қол ақша жоқ, қай дүкенге барасыз? Әрине, картамен, QR-кодпен қабылдайтын дүкенге барасыз. Яғни бірінші дүкен бұл жағдайда табысынан айырылады, - деп түсіндірді МКК ресми өкілі. Ол кәсіпкерлер тұтынушылардың жағдайын жасауы керегін айтты. «Кәсіпкерлердің бәріне заң ортақ» Қазақстанда кәсіпкерлердің барлығына заң ортақ. Әрбір кәсіпкер өзінің кәсібімен айналысып, содан тапқан табысынан мемлекетке міндетті түрде салық төлеуі керек. Қазақстанда бүкіл әлеммен салыстырғанда ең төменгі салық мөлшермесі бекітілген. Соның өзінде де еліміздің кейбір азаматтары салық төлеуден жалтарады. Иә, барлығы бірдей емес. Елімізде салықты адал төлеп отырғандар да көп. Еліміздің дамуы жолында өзінің әлеуметтік жауапкершілігін сезінетін салық төлеушілеріміз жетерлік, - деді ол. Айнұр Сартаева халық арасындағы мобильді аударымдарға қатысты түсініспеушіліктің не себепті туындағанын түсіндіріп өтті. Халықтың арасында мобильді аударымдарға қатысты түсініспеушілік туындап жатыр. Мысалы, «мен мобильді аударым жасасам, менің де шотым тексеріледі» деген пікір қалыптасып жатыр. Мобильді аударымдарды аударып отырған адамдардың шоты тексерілмейді. Жеке тұлғалар, яғни қарапайым азаматтар туысқандар, достар арасында бір-біріне қолдау, көмек ретінде жіберген аударымдары тексерілмейді, бұл салық төлейді дегенді білдірмейді. Яғни мобильді аударымдарды бұрын қалай пайдалансақ, қазір де солай пайдалана береміз. Оған ешкім шектеу қоя алмайды. Бұл тексеріс тек қана кәсіпкерлерге қатысты, - деп айтты МКК ресми өкілі. Таксистер де кәсіпкер ме? Елімізде азаматтарымыздың көбі такси қызметін атқаратыны белгілі. Олардың көпшілігі жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Олардың шотына айына 100-ден аса азаматтар аударым келетіні түсінікті. Енді олар қайтпек? МКК ресми өкілі Айнұр Сартаева кәсібін заңдастыру керегін айтты. Негізі кәсіпкерлік мақсатта алған табысын заңдастыруы үшін бизнес шот ашуы қажет. Мысалы, маған айлық түсетін шот – ол жеке тұлға шоты. Ал егер мен кәсіпкерлікпен, саудамен, такси қызметін көрсетумен айналысып отырсам, онда менің бизнес шотым болуы керек. Ал енді кәсіпкерлікпен айналысу арқылы тапқан ақшамның барлығы осы бизнес шотқа түсуі қажет. Осы жерде екеуінің ара-жігін нақты ажыратып алуымыз керек, - дейді ол. Айтуынша, қазіргі уақытта елімізде такси қызметімен, жалпы кәсіпкерлікпен айналысатындарға ыңғайлы салық тәртібі бар. Мысалы, интернет-платформаларда жұмыс істейтіндер үшін, дәлірек айтқанда Yandex пен МКК арасында келісім жасалып, пилоттық жоба жүргізіліп жатыр. Бұл жобаға қатысқан такси жүргізушілері небәрі 1% ғана салық төлейді. Бұл – өте төмен салық мөлшерлемесі. Сондай-ақ такси қызметін көрсетіп отырған азамат үшін барлық салық ауыртпашылығын, міндеттемелерін Yandex өз мойнына алып отыр. Яғни такси жүргізушісі салық есептілігін толтырмайды, салықты есептемейді. Такси жүргізушілері көбіне «өз нәпақамды өзім тауып жүрмін, мемлекет маған ешқандай жағдай жасап жатқан жоқ, не себепті салық төлеуім керек» деп шағымданады. Сартаева мұндай пікірден, ойдан аулақ болуға шақырды. Еліміздің ары қарай дамып, өркениетті елдердің қатарына кірсін десек, әрқайсымыз салық төлеуді өзімізден бастауымыз керек. Шын мәнінде, салық төлемейтін такси жүргізушісі жарық көшелермен жүреді, жылы үйде тұрады, түзу жолмен жүреді, медициналық қызметтерді алады, балалары тегін емделеді, баласы мектепте тегін оқиды, оған қоса еліміздің қауіпсіздігі, шекарасының қорғалуы. Осы шығындардың бәрі қайда кетеді? Егер осының бәріне қаражат болмаса, біз қалай ел боламыз? Азаматтар осыны сезініп, бойындағы патриоттық сезімді оятуы қажет, - деп айтты ол. Сартаева атап өткендей, елімізде такси қызметіне, яғни жолда жүру ережесіне қатысты арнайы заң бар. Бұл жерде такси қызметін жүзеге асырушы жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде немес заңды тұлға ретінде жұмыс істеуі керек. Себебі басқа жеке тұлғалардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауап береді. Бүгінде такси қызметін көрсететіндер кәсібін заңдастырса, 10% емес, небәрі 1% ғана салық төлейді. Салықтан жалтарғандар айыппұл төлейді Бақылау шараларына келетін болсақ, бірінші кезеңде екі бағыт бойынша камералдық бақылау жүргізіледі (талдау келесі жылы жоспар бойынша жүргізіледі): 1) қызметті салық органдарында тіркеу; 2) кірістерді төмендету. Жалпы, камералдық бақылау салық төлеушілерге бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беруге бағытталған. Осыған байланысты анықталған бұзушылықтар туралы ақпараты бар хабарламалар жіберілетін болады. Егер салық төлеуші бұзушылықтармен келіссе, ол жеке кәсіпкерді тіркеуі немесе декларацияға кіріс сомаларын көрсете отырып қосымша декларация тапсыруы керек (бұзушылық түріне байланысты). Егер салық төлеуші бұзушылықтармен келіспесе, ол растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсініктеме беруге құқылы. Хабарламаны орындамаған кезде салықтық тексеру тағайындалады, оның барысында банктерден шот бойынша толық ақпарат сұратылады және бұзушылықтардың болуы/болмауы туралы іс жүзінде шешім шығарылады. ЖК тіркеусіз қызмет үшін 15-тен 100 АЕК-ке дейінгі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген. Кірістерді жасырғаны үшін – төленбеген салықтар сомасының 200% мөлшерінде айыппұл (қайталанған жағдайда – 300%). Чек бермегені үшін – 15-тен 50 АЕК-ке дейін. Бақылау шаралары адал салық төлеушілерге әсер етпейтініне назар аударамыз. Жоғарыда айтылғандай, бақылау шаралары қызметті тіркеусіз жүзеге асыратын немесе кірістерді жасыратын кәсіпкерлерге ғана әсер етеді. Жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін (туыстарына, достарына аударымдар, ата-аналар мен балаларға көмек, сондай-ақ басқа да өмірлік жағдайлар бойынша) мобильді аударымдар жасай алады және қабылдай алады. Бұл ретте мұндай аударымдарды декларациялаудың қажеті жоқ, өйткені олар жеке тұлғаның табысына жатпайды. Табыс алуға бағытталған аударымдар ғана декларациялауға жатады. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 692 теңге болады. Сәйкесінше, әлеуметтік төлемдер көлемі де артады. 2023 жылы 1 АЕК 3 450 теңге болған еді.

15 желтоқсанға арналған валюта бағамы
15 желтоқсанға арналған валюта бағамы
  • turkystan
Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз
Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз
  • Massaget
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
  • el.kz
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
  • aqshamnews
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
  • aqshamnews
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
  • aqshamnews
Өскеменде бір айдан астам уақыт бұрын жоғалған жас қыздың денесі табылды
Өскеменде бір айдан астам уақыт бұрын жоғалған жас қыздың денесі табылды
  • el.kz
  Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
  • aikyn
Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
  • Massaget
Астанадағы даңғылдың бірі 30 желтоқсанға дейін жартылай жабылды
Астанадағы даңғылдың бірі 30 желтоқсанға дейін жартылай жабылды
  • baq.kz
Астанадан 1 млн текше метрден астам қар шығарылды
Астанадан 1 млн текше метрден астам қар шығарылды
  • el.kz
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды
  • Massaget
  Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
  • aikyn
Аралас жүзуден эстафеталық сайыстағы жаңа рекорд
Аралас жүзуден эстафеталық сайыстағы жаңа рекорд
  • sport12.kz
Алакөлде қар құрсауынан 6 адам құтқарылды
Алакөлде қар құрсауынан 6 адам құтқарылды
  • el.kz
Марқұм Шерзаттың ағасы көз жұмды, әкесі қамауда отыр. Енді не болмақ?
Марқұм Шерзаттың ағасы көз жұмды, әкесі қамауда отыр. Енді не болмақ?
  • sn.kz
Абай облысында полицей өртенген үйден әйел адамды құтқарып қалды
Абай облысында полицей өртенген үйден әйел адамды құтқарып қалды
  • baq.kz
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды: 15 желтоқсан 2024, 10:22 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды: 15 желтоқсан 2024, 10:22 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
  • el.kz
  «Бурабай» ұлттық паркіне кіру тәртібі өзгерді
«Бурабай» ұлттық паркіне кіру тәртібі өзгерді
  • aikyn
Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
  • Massaget
Бүгін – Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекесі
Бүгін – Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекесі
  • baq.kz
«Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысын жариялады
«Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысын жариялады
  • baq.kz
Қарағанды-Астана тасжолында 700-ден аса көлік кептелісте қалды (ВИДЕО)
Қарағанды-Астана тасжолында 700-ден аса көлік кептелісте қалды (ВИДЕО)
  • halyq-uni
Магический разбор выходных
Магический разбор выходных
  • Smi24
Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты
  • sn.kz
Олимпиадалық іріктеу: Қазақстан әйелдер құрамасы Исландиямен ойнайды
Олимпиадалық іріктеу: Қазақстан әйелдер құрамасы Исландиямен ойнайды
  • sport12.kz
«ҚФФ-ның жаңа басшысы қазақ тілін білуі тиіс»: ол Черчесовтен құтыла ма?
«ҚФФ-ның жаңа басшысы қазақ тілін білуі тиіс»: ол Черчесовтен құтыла ма?
  • 1bol.kz
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
  • sn.kz
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
  • penalty
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
  • penalty
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
  • turkystan
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Батыс көшбасшылары Украинаға Еуроодақ әскерін жібермек
Батыс көшбасшылары Украинаға Еуроодақ әскерін жібермек
  • halyq-uni
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
  • sn.kz
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Атышулы Майқайыңда тағы бір жұмысшы қаза тапты
Атышулы Майқайыңда тағы бір жұмысшы қаза тапты
  • halyq-uni
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмыскерді техника жаншып өлтірді
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмыскерді техника жаншып өлтірді
  • almaty_tv
Жетісу облысында қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды
Жетісу облысында қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды
  • almaty_tv
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
  • turkystan