Салықтан жалтарған пәтерін жалға берушілер 15 -100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді

Елімізде 80 мыңнан астам адам тұрғын үйін жалға береді. Олар да тапқан табысынан салық төлеуге міндетті. Ал кірісін жасырғандарға жаза қолданылады. Осы және өзге де ақпараттар "Экономика" топтамасында. Тұрғын үйді жалға беріп табыс тауып жүргендер көп. Бірақ барлығы бірдей салық төлемейтін көрінеді. Кірістер комитеті оларға жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ екенін айтады. Тек Жалпыға бірдей декларациялау кезінде осы кәсібінен түсетін табысын ашық көрсетіп, пайдасының 10 пайызын салық ретінде төлеуі тиіс. Былтыр 452 адам жалдамалы пәтерінен түскен кірісінен 52 млн теңгеге жуық жеке табыс салығын төлеген. Ал кәсіпкер ретінде тіркелгендер Е-Salyq платформасы арқылы 1процент салық төлейді. Тек жылдық табысыңыз 13 млн теңгеден аспаса болғаны. Дина ҚҰСАЙЫНОВА, ҚР ҚМ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КІРІСТЕРІН ӘКІМШІЛЕНДІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Субарендамен айналысатындар да салық төлейді. Егер үйді жалға алған болса, баспана иесі де салық төлеуге міндетті. Ал егер салықтан жалтарғандар болса 15 тен 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Бүгінде 80 мың 400-ге жуық жеке кәсіпкер жалға беру арқылы табыс табуда. Халық көп тұтынатын сиыр еті бір жылда шамамен 9 пайызға қымбаттады. Қой еті 6, жылқы еті 4,8 пайызға көтерілді. Баға шарықтап тұр. Десе де өнімге сұраныс азаймаған. Ет дегенде бет бар ма дейді жұрт. Статистика бойынша бір адам 9 айда 18 келі сиыр етін тұтынған. 5 келі жылқы, 4 келі қой етін сатып алыпты. Былтыр елімізде 80 мың тонна ет өндірілді. Ал биыл қаңтар айының өзінде 7100 тонна ет сойылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39 пайызға артық. Елімізде қосымша жұмыс іздеушілер көбейді. Бір айда 7 мыңнан астам адам екі қолға бір күрек тапқан. Сондай-ақ 300 мың адам түйіндемелерін жаңартқан. Мамандар бұл -еңбек нарығының мүмкіндіктеріне қызығушылықтың артып жатқанының айғағы дейді. Түйіндемелердің басым бөлігі сатуды басқару, сату бойынша кеңес беру немесе әкімшілік қызмет мамандықтары бойынша толтырылған. Жұмысқа орналасқысы келгендердің 48 пайызының жоғары білімі бар. 26 проценті түскен ұсыныстарды қарастырып жатқанын көрсеткен. Айта кетейік, Қосымша жұмыс іздегендердің көбі Алматы мен Астана қаласынан.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Мұнар да мұнар, мұнар күн...
БҚО құтқарушылары жоғалған ер адамды аман тапты
Медғат Өмірәлиев, актер, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі: Режиссерді сырттан шақыруға мәжбүрміз
Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті
Импорт алмастыру да инфляцияға тосқауыл
Қыста неліктен қайызғақ пайда болады? Дәрігер жауап берді
Ақтөбеде Амангелді Айталы тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды
Төрт қалада ауа ластанады
Демографияны көтеретін – жастар
“Болашақ“стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады?
Тұңғыш инженердің үйі
Мұнар да мұнар, мұнар күн...
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
Ел құрамасы қылышпен семсерлесуден Тунистегі гран-при кезеңіне қатысады
«Қатты қысылдым»: Қазақ жігіті Италияда тырнақ әрлеп, табыс тауып жүр (ВИДЕО)
Сапалы спорт мамандары тапшы
Банктерден ескерту: 13 қаңтардан бастап жаңа стандарт іске қосылады
Тасқын алдындағы Атырау
Павлодардағы кітап көрмесі
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Фристайлдан әлем кубогы өтеді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді