«Салынған үйлер сатылған бағасына сай емес»,-тұрғын

«Салынған үйлер сатылған бағасына сай емес». Астанада құрылыс компаниясына наразы жұрт прокуратураға арызданды. Тұрғындардың айтуынша, бірнеше ай бұрын ғана пайдалануға берілген баспаналардың кем-кетігі көп. Көктал 1 көшесіндегі, премиум санаттағы апартамент келісім бойынша былтыр маусымда берілуі тиіс болған. Алайда тұрғындар тек қыркүйек айында жаңа пәтерлерге көштік дейді. 187 пәтерлі үйге 3 лифт қана қойылған. Әсем, ТҰРҒЫН: Әрдайым бізден қосымша ақша алып отырды. Пәтерге үлкен қиындықпен көштік, бірақ проблемары ойлағаннан да көп болып шықты. Жол салынбаған, газ өте жиі өшеді. Пәтерлер өте суық, көршіліріміздің құбырлары да жарылды. Мен төртінші қабатта тұрамын, ыстық су бар болғанымен көтерілгенше 15-20 минут күтемін. Үй алқам-салқам. Кірпіштер дұрыс қаланбаған. Кіреберістердегі терезе ашылмайды, төбе болса созылмалы материалдан, оның өзі шұрық-тесік. Паркинг мүлдем жоқ, қоқыс контейнерлері үйдің қақ ортасында. Диана, ТҰРҒЫН: Компания директоры Ербол менің ақшамды заңсыз үйдін салынуына жұмсады. Басынан-ақ оларда Әкімшіліктің рұқсаты болмаған. Біздің ақшамызға тұрғын үй кешенін салды, қателік өте көп. Рұқсатсыз оныншы қабатты салды. Апартамент жоба бойынша 9 қабатты болуы тиіс. Алайда, мердігер оны 10 қабат етіп соққан. Және оны сатқан. Қалалық әкімдік бұған қатысты мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына арызданған. «Астана қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ. Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 318-бабының әкімшілік хаттамасы жасалды және 11.10.2023 жылғы № 765 нұсқама берілді. Нұсқаманың орындалмауына байланысты басқарма Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз жолдады.Сот шешімімен басқарманың талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылған. Бірақ, заңды күшіне енген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қорғаныс министрі Президентке Smart-әскери комиссариат жобасы туралы баяндады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді