Аламгир Смақов "Қайрат" академиясынан кетіп, Түркияға ауыспақ, деп хабарлайды BasSport.kz.Дереккөз мәліметінше, Самат Смақовтың ұлы өз карьерасын Түркия клубында жалғастырады. Аламгир Смақовтың жасы 15-те. Былтыр ол Қазақстанның U-17 құрамасында ойнаған. Айта кетейік, Самат Смақовтың өзі Түркияның "Ризеспорында" өнер көрсетті. Дәл қазір Самат - "Астана” клубының техникалық директоры.