"Самұрық-Қазына" компаниясы Жаңаөзен тұрғындарына 20-дан астам балалар алаңын сыйға тартты. Оның төртеуі Амал мерекесі қарсаңында пайдалануға берілді. Қалғаны наурыз айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.Нұрдаулет пен Данияр жақын жерде спорт алаңының ашылғанына ерекше қуанды. Себебі, олар өз аулаларында футбол алаңы болмағандықтан, доп ойнау үшін басқа аудандарға баратын. Нұрдәулет ӘЛІШБЕК, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Маған ұнайды, менің үйім жақын мына полеге. Сосын келіп ойнай аламын достарыммен. Достарымызбен жиналамыз мына жақта, ойнаймыз. Балаларға арналған алаңдар қаланы дамыту жоспары аясында тұрғындардың ұсынысымен бой көтерген. Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры "Samruk-Kazyna Trust" өтінішті тыңдап, бірден іске кірісті. Ғибрат АУҒАНОВ, "САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА" АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Көрісу мейрамының алдында біз осы 4 шағын ауданда осындай балалар ойнайтын спорттық алаңды ашып, ресми түрде ашып отырмыз. Бірінші жартыжылдықта аяқтайды деп ойлаймын. Заманауи қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін балалар мен спорт алаңдары Жетібай мұнай кентінде де болады. Бұл мақсатқа 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Жаңабай АЙМАҒАМБЕТОВ, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Samruk-Kazyna Trust" қайырымдылық қоры біздің Жаңаөзен қаласына көптеген үкіметтік нысандар жүзеге асқан болатын. 2019 жылдан бері осыған ұқсас көп спорттық және ойын алаңшалары пайдалануға берілген болса, осы жылы 16 дана беруге жоспарланды. "Samruk-Kazyna Trust "қоры өңірлегі көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысып жүр. Былтыр 1,8 млрд теңгеге 8 әлеуметтік жобаны іске асырды.