Сапасыз аяқ киімнің зардабы қандай?

Майтабан, қатерлі ісік, қисайған сүйек. Сапасыз аяқ киімнің салдарынан соңғы кезде түрлі ауру көбейген. Сәннен қалмаймын деген жас қыздардың өзі табан сүйегінің қисаюына жиі шағымданады. Солардың бірімен тілшіміз Аружан Серік тілдесті.Аружан СЕРІК, ТІЛШІ: Қайсысын таңдасам екен? Биік өкше ме? Әлде жай табан ба? Ой, қойшы, ыңғайсыз болса да, мына каблук бойымды ұзартып, аяқтарымды сымбатты етеді. Сұлулық құрбандықты талап етпей ме? Ендеше, мен осыны аламын. Сәннен қалмас үшін не істемейміз, иә? Аяқты қысып, қажаса да, киеміз және ауыртқанына қарамай, төземіз. Әсіресе-қыздар. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Биік өкшелі аяқ киімнен башпайым қисайып, табан сүйегім өзгерген. Бірақ соған қарамастан каблук киемін. Әдемі ғой. Дегенмен, денсаулықты бірінші орынға қоятындар да бар. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Ондай аяқ киім кимейміз, өйткені денсаулығымыз маңызды. Көбінесе қымбат, сапалы аяқ киім киюге тырысамыз. Қостанайлық Жанерке биік өкшелі аяқ киімге құмар. Бірақ, соңғы 2 жылда аяғы ауырып, жүруі қиындаған. Табанының сүйегі қисайыпты. Жанерке МҰҚАТАЙ, ЕМДЕЛУШІ: Аяғымдағы сүйек мектеп жасынан өсіп бастады. Дұрыс емес аяқ киім кигеннен, өзімнің бойым аласа болғандықтан, үнемі шпилька, каблук кигеннен басталды. Ыңғайлы аяқ киіммен жүрген кезде ауыра бастады. Сондықтан дәрігерге баруға мәжбүр болдым. Медицина тілімен айтқанда, мұны табан сүйегінің деформациялануы деп атайды. Қисайған сүйек ұсқынсыз көрініп қана қоймай, үнемі ісіп, ауырады. Жүріс өзгереді. Егер асқынған жағдайда,оның емі тек-операция. Аружан СЕРІК, ТІЛШІ: Дәл қазір біз операция бөлімшесіндеміз. Пациент наркозда. Ал операция жүріп жатыр. Диагнозы – Халюс Вальгус, яғни бірінші бақайдың вальгустық қисаюы. Бір аяққа жасалатын операция уақыты – 30 минут. Одан кейін науқас 1,5 ай арнайы ортопедиялық аяқ киіммен жүреді. Шамамен жарты жылда аяқ толығымен жазылады. Әсет НҰРАХМЕТОВ, №2 ОРТОПЕДИЯ БӨЛІМІНІҢ ТРАВМАТОЛОГ-ОРТОПЕД ДӘРІГЕРІ: Соңғы бір 5 жылдың ішінде 7-8 мыңдай операция өтті. Соның ішінде әрі кетсе бір 20-30-ы ер адам болды. Қалғандарының бәрі – әйелдер. Бұл аурудың себептері өте көп. Оның басындағысы аяқ киімнің қысуы, дұрыс таңдалмауы және сапасыз аяқ киімдерді кию әсерінен болады. Сапасыз аяқ киім қатерлі ісік, қан тамырлары мен тері ауруларына да шалдықтырады. Онымен қоймай, адамның жұмысқа қабілеті, өмір сүру белсенділігі төмендейді. Аяқ киім таңдарда өлшемінің дұрыстығына, аяқты қыспауына, табиғи былғарыдан жасалғанына көз жеткізген жөн, - дейді мамандар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Геннадий Головкин шаршы алаңдағы ресми жекпе-жегіне шығуы мүмкін
“Олимпиада чемпионы атаныңыздар!“ Тоқаев жас спортшылармен кездесті
125 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіленді
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Қазақстандық паспорт саны рекордқа жетті
55 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Дариға Назарбаеваның басы дауға қалды
Түркістан облысының әкімі тағайындалды
Биыл теңге бағамы қандай болмақ?
Алматыда 2025 жылы жылу және электрмен жабдықтау желілерін ауқымды жаңғырту жоспарланып отыр
Қазақстанда тағам жеткізушілерге талап күшейеді
Бюджет қаржысын жымқырғандар сегіз жылға сотталды
Ұлттық ұланда жаңа оқу жылы басталды
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Мәжіліс депутаты жаңа дәрігерлік амбулаторияның жұмысына баға берді
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы сот үкімі шықты
Президент электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты