Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, таныс көршісі мал қора сатып алып беремін деп сендіріп, алаяқтық жолмен 8 миллион теңге ақшасын жымқырып, бір жыл бойы алдап келгенін көрсеткен, деп жазды zakon.kz.Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Аудандық тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Анықталғандай, күдікті қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген.Сондай-ақ осындай жалған уәде беріп, тағы бір тұрғынды алдап үлгерген. Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.