Сарыағаштық депутатты бір топ адам үйінің алдында соққыға жыққан

Сарыағаш ауданында жергілікті депутат Руслан Насировты бір топ ер адам соққыға жығып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Отырарға сілтеме жасап.Оқиға халық қалаулысының үйінің алдында, балаларының көзінше болған көрінеді. Депутат өзін ұрып-соққандардың кім екенін танимын деп отыр. Айтуынша, бұл депутаттық мандатымен тікелей байланысты. Себебі Руслан Насиров Құркелес ауылдық округінде жайлы мектеп пен стадион салу үшін бос жатқан жердің мемлекет балансына өтуі үшін депутат ретінде атсалысқан екен. Бұдан өзге фельдшерлік-амбулаториялық пункт салу үшін жер телімінің мемлекет меншігіне өтуіне араша түсіпті. Алайда оның бұл белсенділігі әлдекімдерге жақпай қалған көрінеді. «Мен оларды танимын. Олардың бірі бұрын біздің ауылда би болған кісінің інісі. Ауылда 3 гектар 70 соттық жерді стадион салу үшін мемлекет балансына алдырғанбыз. Ал олар жерді өздері ешбір құжатсыз қоршап алған. Сосын мектеп үшін жер керек болды. Бос жатқан жер еді. Бұдан өзге ауылда фельдшерлік-амбулаториялық пункт (ФАП) қажеттілігі туындады. Ақсақалдардың өтінішімен мен белсенділік етіп, жер телімін тауып, халық болып ФАП салдық. Бұл жер де әлгі адамдар иелік етуге ниеттеніп отырған жер телімі екен. Содан «Неге менің рұқсатымсыз мемлекет меншігіне бергізесің?» деп менің тарапыма «негатив» басталды. Шыны керек, ол жерлерді мен өзімнің меншігіме алған жоқпын, халық үшін жасалынған тірлік. Сол мектепте бүкіл ауылдың балалары оқиды», - деді депутат. Халық қалаулысы қазанның 6-сынан 7-сіне қараған түні соққыға жығылған. Айтуынша, түнгі уақытта тойдан үйіне оралған. Үйге кірген соң бірнеше ер адам үйінің алдына келіп, депутатты сыртқа шақырған. Ол сыртқы қақпаның алдына шыққан бойда бірнеше адам жабыла кеткен. Бұл сәт үй алдындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. «Бірінің қолынан пышақты көріп, дереу артқа шегіне бергенім сол артымнан екіншісі келіп, кастетпен (суық қару: авт) басымнан ұрып-соқты. Шынымды айтсам, ауыр соққыдан есім кіресілі-шығасылы боп қалдым. Сосын төртеуі жабылды. Бірнеше рет қолмен ұрып-соғып, тепкінің астына алды. Олардың қолынан қаруды да байқадым. Бұл жерде «Өзіңе көп алып кеттің» деп отыр олар. Мен әлдеқайда жаспын, 1989 жылғымын. Ал олар менен үлкен. Меніңше, солардың айдауымен жүру керек болғанмын», - деді ол. Жәбірленуші жолдаған бейнежазбадан (YouТube-тің белгілі бір талаптарына сәйкес видеоны жүктей алмаймыз: авт) бірнеше еркектің бір адамға жабылғанын көруге болады. Ол үй алдындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кейін үйден әйел адамы шығып қалған сәтте таяқтың астында қалған ер адам өзіне жабылғандардан қашып, үйге дереу кіріп кетеді. Жәбірленушінің айтуынша, бұл жағдайды естіген оның інісі оқиға орнына шұғыл жеткен. Інісі келген бойда Руслан Насиров сыртқа шығып, оларды тарқатпақ болған көрінеді. Айтуынша, қайта соққының астында қалған. Бір топ адам ағасына жабылған соң інісі көліктен қару алып, ауаға бір рет оқ атқан екен. «Көлік менің атымда, қарудың да құжаты бар. Бұл жерде інім маған жабылғандарды тарқату үшін солай жасаған. Алайда олар інім екеумізге жабыла кетті. Үй алдында тұрған көлікке зақым келді. Жалпы бұл жайттың бәрі менің бала-шағамның көз алдында болды. Соққыға жыққандар «Руслан» деп бірнеше рет айқайлап, мені үйден шығарып алды ғой. Соны естіген балаларым барлығын терезеден қарап тұрған екен», - деді депутат. Руслан Насировтың үйіндегілер полиция шақырған. Депутаттың айтуынша, полицейлер келемін дегенше бір топ адам оқиға орнынан қашып үлгеріпті. Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтау үшін жәбірленушіні полиция бөліміне алып барған. Кейін депутатты туыстары ауруханаға жеткізген. Оған «бас миының шайқалуы» деген диагноз қойылған. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар жәбірленушінің ауруханаға түскенін растады. «7 қазан күні сағат 04:24 шамасында аудандық ауруханаға 1989 жылы дүниеге келген науқас бас ауруы, жүрек айнуы, денелері көгерген тұстың ауырсынуы мен әлсіздік шағымымен келген. Оның айтуы бойынша, 2 сағат бұрын көшеде белгісіз адамдар соққыға жығып, есінен танған. Медициналық тексеру мен рентгенографиядан өткеннен кейін ол травматология бөлімшесіне жатқызылды. Алғашқы тексеру кезінде жалпы жағдайы орташа ауыр болған. Қазіргі таңда науқастың жағдайы орташа, клиникалық протокол бойынша ем қабылдап жатыр», - деп мәлімдеді басқармадағылар. Жәбірленушінің сөзінше, полицейлер үй алдындағы бейнебақылау камерасынан барлық жазбаны алған. Депутат бізге інісі келгенге дейінгі сәттің бейнежазбасын жіберген. Айтуынша, оны үйіндегілер (монитордан) ұялы телефонға түсіріп үлгерген екен. Түркістан облыстық Полиция департаменті бұл оқиға бойынша қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, 7 қазанда сағат 3:20 шамасында аудандық полиция бөліміне ер адамдар арасында туындаған жанжал туралы хабарлама келіп түскен. Жанжал кезінде олардың бірі екіншісін ұрып, мүлікті бүлдірген. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жеткен. «Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» және 202-бабы 1-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жәбірленушіге қатысты сараптама тағайындалды. Заттай дәлел ретінде бейнежазбалар алынды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», - делінген облыстық Полиция департаментінің мәліметінде. Ал жәбірленуші депутат болса, өзін соққыға жыққандар кешірім сұрамақ түгілі әлі де қысым көрсетіп отырғанын айтты. «Экспертиза туралы хабарым жоқ, маған айтылмады. Олардың (соққыға жыққандар: авт) туыстары полиция, прокуратурада істеген. Кешірім сұрамақ түгілі, әлі күнге дейін қоқан-лоққы көрсетіп отыр. «Жерді қайтарғызасың» дейді. Мемлекетке өтіп кеткен жерді мен қалай қайтарғызамын? Маған жабылған кезде оларды тарқату үшін амалсыздан ауаға қарудан оқ атқан інім қазір қамауда. «Арызыңды қайтарып алмасаң, ініңді соңына дейін қаматамыз» деп отыр»,-деді Руслан Насиров.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда Қазақстан-Германия глаукома орталығы ашылды
Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, көктайғақ болады
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Аралас жүзуден эстафеталық сайыстағы жаңа рекорд
Алакөлде қар құрсауынан 6 адам құтқарылды
Марқұм Шерзаттың ағасы көз жұмды, әкесі қамауда отыр. Енді не болмақ?
Абай облысында полицей өртенген үйден әйел адамды құтқарып қалды
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды: 15 желтоқсан 2024, 10:22 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
«Бурабай» ұлттық паркіне кіру тәртібі өзгерді
Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Бүгін – Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекесі
«Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысын жариялады
Қарағанды-Астана тасжолында 700-ден аса көлік кептелісте қалды (ВИДЕО)
Қазақстанда кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы беделді ат жарысында жеңіске жетті (ВИДЕО)
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Талғат Жайлауов кезекті рет "Барысқа" оралады
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды