«Сасық суды ішуге мәжбүр»: депутат Ұлытаудағы Сарысу бассейні мәселесін көтерді

«AMANAT» фракциясының мүшесі, депутат Ерболат Сатыбалдин Ұлытау облысындағы Сарысу-Нұра бассейні жайлы айтты.«Мемлекет басшысы биылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында «Көктемгі қарғын суды жинау және оны егістікке жеткенше құмға сіңіріп жоғалтып алмау мәселесі шешімін табуға тиіс. Өйткені оның бәрі – ішкі су қорымыз. Ол үшін 20 жаңа бөген салу, кемінде 15 су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу және 3500 шақырымдық каналды жаңғыртып, цифрлық тәсілмен бақылауға алу керек» деп атап көрсетті. Ұлытау облысы аумағындағы Сарысу өзені бассейнінің су ресурстарын кешенді басқару қазіргі уақытта су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясының құзырында. Бұл ретте Нұра өзені мен Сарысу өзенінің өз алдына дербес гидрографиялық дренаждық бассейндері бар екеніне назар аударғым келеді. Яғни, бұл еліміздің бұрынғы әкімшілік-аумақтық құрылымына байланысты жасанды түрде бір су шаруашылығына біріктірілген 2 дербес бассейн», - деді ол. Депутаттың айтуынша, Нұра өзені бойында халық тығыз орналасқандықтан ба, әлде су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы Қарағанды қаласында болғандықтан ба, Сарысудың жағдайы мүшкіл. «Ұлытау облысы территориясындағы Сарысу өзені су ресурстарын басқарудың, жаңа басқару жүйесі қажет. Себебі, Ұлытау облысындағы Жаңаарқа, Ұлытау ауданына қарасты екі кент пен сегіз ауылдық округ тұрғындарының әл-ауқаты мен ауыл шаруашылығының рентабельділігі осы өзеннен келетін суға тәуелді.Суды ұтымды пайдаланбау салдарынан Сарысу өзені өзінің байырғы сағасы – Телекөл көліне жетпейді. Себебі өзен арнасына тиімділігі төмен және заңсыз салынған бөгеттердің болуы. Сонымен бірге, халықтың пікірінше, Ұлытау мен Қызылорда облысының шекарасындағы Мибұлақ ауыл маңында ауылдың балық шаруашылығын, суармалы егін шаруашылығын дамытуға септігін тигізетін жаңа бөгет пен су қоймасын салу – заман талабы. Бабаларымыздан қалған «Өзен жағалағанның өзегі талмас» деген нақыл сөзді көңілге медеу тұтқан елміз. Алайда бүгін Сарысу өзенін жағалауынан уланып өлу қауіпі бар. Себебі Сарысуға құятын «Кеңгір» өзені Жезқазған қаласының кәріз суларымен былғануда. Жыл бойында Кеңгір өзенінде балықтардың қырылуы үйреншікті жағдайға айналып бара жатыр. Кеңгір су қоймасының да жағдайы мәз емес. Сары мыс сапырып отырған Жезқазған халқы ашық аспан астында жатқан түбі тұнба, сасық суды ішуге мәжбүр», - деді ол. Депутат осыған орай, бірқатар ұсынысты басшылыққа алып, жүзеге асыру қажетін айтты. Олар: Ұлытау облысы аумағындағы Сарысу өзенінің экологиялық жай-күйін зерттеу мақсатында арнайы құрылған комиссияның экспедициясын ұйымдастыру; Жоғарыда айтылған Сарысу өзеніндегі Мибұлақ су қоймасын салу жобасын аталған 20 су қоймасының есебіне қосу; Еліміздің су шаруашылығы жүйесін реформалау аясында су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттейтін жеке Сарысу-Кеңгір өзендері бассейні инспекциясын құру.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шерзат пен ағасының өлімі және үй өртеу ісін Бас прокуратура бақылауға алды
Президент мәдениет үйіне суретші Ә.Баяндиннің картинасын тарту етті
Бақыт Сәрсекбаев Олимпиаданы жеңген боксшылардың керексіз болып қалатынын айтты
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді