"Сауалнама нәтижесі көрсетті": Америкалықтар Байденді ел басқару үшін тым кәрі деп есептейді

Америкалықтардың басым көпшілігі АҚШ-тың 80 жастағы президенті Джо Байденді сайлауға түсу үшін тым кәрі деп есептейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды."Үміткерлер арасындағы айырмашылық небәрі үш жыл болса да, респонденттердің 73%-ы Байденді екінші мерзімге тағайындау үшін тым кәрі деп есептейді. Сауалнамаға қатысқандардың 47%-ы 77 жастағы бұрынғы АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы", - деп хабарлайды басылым. Кандидаттардың жеке қасиеттеріне келетін болсақ, сайлаушылардың пікірлері іс жүзінде бірдей болып шықты. Мысалы, 42% Байден қарапайым азаматтардың қамын ойласа,Трампқа берілген дауыс 43%. Сауалнамаға сәйкес, 46% Трампты президент болуға психикалық тұрғыдан дайын деп санайды. Ал Байден туралы сауалнамаға қатысқандардың 36% осылай деп жауап берді. Сауалнама 24-30 тамыз аралығында онлайн түрде жүргізілді. Оған 1500 адам қатысты. Ал Америка президенті Джо Байден жасына қатысты мәлімдемелерге өз жауабын берді. Оның жазбасы Ақ үйдің ресми сайтында жарияланды. Еңбек күнімен, америкалық жұмысшылар мен кәсіподақтарды құттықтау үшін Байден жұртшылыққа үндеу жасады. Оның айтуынша адам қартайған сайын дана бола түседі. "Көпшілігі: "Байден,қартайып барады" деп жатыр. Бірақ білесіздер ме адам жасы ұлғайған сайын дана бола түседі. Мен саяси қызметте басқа адамдарға қарағанда ұзақ жасап келемін. Мен өз қызметімді сіздердің көмектеріңізбен әрі қарай жалғастыра беремін", - деді Байден. Айта кетейік, Британ энциклопедиясының веб-сайтына сәйкес, АҚШ пен Канадада Еңбек күні қыркүйектің бірінші дүйсенбісінде тойланады. Биыл 4 қыркүйекте тойланды. АҚШ-тың 46-шы президенті Джо Байден (Джозеф Робинетт Байден) 1942 жылы 20 қарашада Пенсильвания штатының Скрантон қаласында дүниеге келген. Ол биыл 81 жасқа толады. Джо Байден 2021 жылдан бері АҚШ президенті қызметін атқарып келеді. АҚШ президентінің сайлауы 2024 жылдың 5 қарашасында өтеді. Бірнеше кандидат, оның ішінде Байден де сайлауға түсуге ниет білдірді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Технологиялық хайп»: депутат көлікті 5 минуттан артық қыздыру туралы бұрыннан бар норманы түсініксіз дейді
«Бастысы, қателеспеу керек»: Айгүл Иманбаева 2025 жыл несімен ерекше болатынын айтты
Қазақстанның қай аймақтары шетелдік туристер үшін ең тартымды?
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Қара жәшік Қазақстанға жетті
Жамбыл филармониясына – 90 жыл
Алматыда полиция бұзақыны қолға түсірді
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады
Анастасия Городко Қазақстанға Универсиаданың екінші алтын медалін сыйлады
Қазақстан студенттері фристайл-могулдан Дүниежүзілік қысқы универсиадада үздік нәтиже көрсетті
Ақмола облысында мас танысының атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды
Мүфтияттың Ғұламалар кеңесі квадроберлерге қатысты үкім шығарды
Атырауда 1,8 млн дана балық шабағы құтқарылды
«Алматы - Өскемен» автожолында 18 көлік соғылып қалды
Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония ғимараты қайта жаңғырады
Жаһан Отарғалиев ажырасып кеткен соң 1,5 жылға жуық уақыт салып, қайта үйленді (ВИДЕО)
Өмірін қатерге тігіп, өртенген үйден адамды құтқарған курсант алғыс хатпен марапатталды
Жеңіліс тілейтін Биволдың бұрынғы әйеліне қатысты сот үкімі шықты
19 киік жануарын тасымалдаған төрт қызылордалық ұсталды
"Таза Қазақстан": Астанада QAR FEST аққалалар байқауы өтеді
Анастасия Городко екі дүркін қысқы Универсиада чемпионы атанды
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Депутаттар ішкі істер министріне көлікті 5 минут қыздыру қисынсыз екенін айтты