Сауд Арабиясында 70 жылдан бері алғаш рет ішімдік дүкені ашылды

Cауд Арабиясының жариялауынша, Эр-Риядта 70 жылдан астам уақыт ішінде алғашқы алкоголь дүкені ашылады, ондағы сусындар мұсылман емес дипломатиялық қызметкерлерге сатылады, деп жазады ҚАЗАҚПАРАТ ВВС-ге сілтеме жасап.Дүкеннің клиенттері дипломатиялық қызметкерлер ғана болмақ. Олар ұзақ жылдар бойы алкогольдік сусындарды дипломатиялық пошта ретінде танымал мөрленген ресми қаптамамен импорттаған.Елде бұл тыйым 1952 жылы король Абдул Әзиздің ұлдарының бірі мас күйінде британдық дипломатты атып өлтіргеннен кейін күшіне енген.Дүкен бірнеше апта ішінде ашылады деп күтілуде.Ол Эр-Риядтың дипломатия кварталында, қала орталығының батысында орналасады.Мұнда келушілерге келесі шектеулер қойылады:Алдын ала тіркеліп, мемлекеттен рұқсат алу қажет.Дүкенге 21 жасқа толмағандар кіргізілмейді және оның ішінде әрқашан «тиісті киім талап етіледі».Алкоголь сатып алу үшін бейтаныс адамды, мысалы жүргізушіні жіберуге болмайды.Ай сайынғы шектеулер енгізіледі.Келушілер айына алкогольді 240 «ұпайға» дейін сатып ала алады. Бір литр спирттік ішімдік алты ұпайға, бір литр шарап - үш ұпайға, бір литр сыра бір ұпайға бағаланады.Сауд Арабиясының ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, дүкен «алкогольді заңсыз сатуға» қарсылық танытады.Парсы шығанағының басқа елдерінде осыған ұқсас режимдер бар.Алайда БАӘ мен Катарда қонақүйлер, клубтар мен барларда 21 жастан асқан мұсылман емес тұлғаларға алкоголь сату рұқсат етілген.Сауд Арабиясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, алкогольді тұтыну немесе сақтау үшін жазалау айыппұл, түрмеге қамау, көпшілік алдында соққыға жығу және депортацияны қарастырады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Универсиада-2025: Мәнерлеп сырғанаудан София Самоделькина қола жүлде иегері атанды
Қонаевта қысқы дрифт шоуы өтті
Қазақстанның су тасқынына дайындығы қандай деңгейде?
Қарағандыдағы Үлкен Бұқпа өзені қалай тазартылып жатыр
Алматы облысында барымташылар тобы құрықталды
Ашқарынға жеміс-жидек жеуге бола ма? Дәрігер жауабы
Астанада крещение рәсімі қалай өтіп жатыр
Қазақстанның су тасқынына дайындығы қандай деңгейде?
Павлодарда төрт жыл алимент төлемеген әке ұсталды
СҚО-да "Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер" экологиялық байқауы өтті
Су тасқыны кезеңіне дайындық: қорғау мен алдын алудың кешенді шаралары
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды»: Сарапшылар дабыл қақты
Қонаевта қысқы дрифт шоуы өтті
Алматыда бейнебақылау камералары қандай қылмыстарды ашпақ?
Шығыс Қазақстандағы екі жолда көлік қозғалысына тыйым салынады
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды
Астанадан Қарағандыға барған жолаушылар такси жүргізушісін ұрып кеткен
Елордалық жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады
Ұлттық ұлан офицері қыздың өмірін сақтап қалды
Қазақстанда энергия жинайтын құрылғы шығарылады
Жексенбі күні елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Еліміздегі әуежайларда шекара бақылауынан өту жеңілдеуі мүмкін
Алматыда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 14 адамды эвакуациялады
Астанада ер адамның мүрдесі табылды