Саумал өндіруші компания жалған жарнама таратқаны үшін жауапқа тартылды

Саумал өндіруші жалған жарнама таратқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.Алматы облысының прокуратурасы интернет желісінде, соның ішінде танымал блогерлер, спортшылар және әртістердің парақшаларына талдау жүргізді. Оның нәтижесінде тағамға биологиялық белсенді қоспалардың қасиеттерін асыра сілтеу арқылы жарнама таратылып жатқаны анықталды. Анықтама үшін: ББҚ – тағаммен бір мезгілде қабылдауға немесе тағамдық өнімнің құрамына қосуға арналған табиғи және (немесе) табиғимен бірдей биологиялық белсенді заттар, сондай-ақ пробиотикалық микроорганизмдер. Желіде «NEOSAUMAL, SAUMAL» сублиматтау әдісімен құрғақталған бие сүті қант диабетін, онкологиялық және басқа ауруларды емдейтін бірегей өнім ретінде белсенді жарнамаланып жатыр. Азаматтардың шағымдарын назарға ала отырып, облыс прокуратурасының тапсырмасы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өнім жарнамасының рас-өтірігін тексерді, – делінген прокуратура хабарламасында. SAUMAL-дың тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде жалпы нығайтушы, имундық ынталандырушы, тыныштандырғыш өнім ретінде тіркелгендігі анықталды. Басқаша айтқанда, дәрілік қасиеті жоқ және жарнамада көрсетілген ауруларды емдей алмайды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 56-бабы 2-бөлігіне сәйкес, ББҚ-ның жарнамасы анық болуға, арнайы білімсіз немесе арнайы құралдарды қолданбай түсініліп-танылмауға, тұтынушылардың сенімін теріс пайдалану арқылы оларды жаңылыстырмауға тиіс. Кодекстің 56-бабы 3-тармағының 11) және 13) тармақшалары бойынша жарнамада қант диабетін, онкологиялық және басқа ауруларды «емдеу тәсілдерін» көрсетуге, ББҚ-ларды бірегей, барынша қауіпсіз және тиімді ретінде ұсынуға тыйым салынған. Осылайша, компания азаматтардың сенімін теріс пайдаланып, көрінеу жалған жарнаманы тарату арқылы әкімшілік құқықбұзушылық жасаған. SAUMAL-дың өндірушісіне қатысты 2023 жылғы 30 қарашада ӘҚБтК-тің 157-бабы («Көрiнеу жалған жарнама») бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, 175 АЕК көлемінде (603 мың 750 теңге) айыппұл салынды. Ол 2023 жылғы 5 желтоқсанда компанияның өз еркімен төленді, – делінген хабарламада. Алматы облысының прокуратурасы тұтынушыларға ББҚ-ларды, дәрі-дәрмектерді және басқа тауарларды сатып алар алдында білікті мамандардан олардың қасиеттерінің растығын тексеруді ұсынады. Сондай-ақ тауар өндірушілерді сатылымдағы өнімнің мақсаты мен қасиетін асыра сілтеп жарнамалау үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды