Сауран ауданында 7 балабақша жұмысын тоқтатты

Тасқын су салдарынан Түркістан облысының Сауран ауданында 7 балабақша жұмысын тоқтатып, 11 мектеп онлайн оқуға көшті. Сауран ауданында су кірген үйлердің саны 100-ден асты. Абай елді мекенінде 65, Үлгілі елді мекенінде 14, Бабайқорғанда 42 үйді су басқан. Сондай-ақ 100 – ден астам адам эвакуацияланды. Оның ішінде 57 кәмелет жасқа толмаған бала бар.Тұрғын үйін тасқын суы басқан тұрғындарды жайғастыру үшін Бабайқорған, Абай, Үлгілі ауылындағы мектептерде орын дайындалды. Дегенмен, көпшілігі туыстарының үйін паналауда. Қазір аудан аумағында тасқын зардаптарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Құрамына төтенше жағдайлар қызметі мен өзге де сала мамандары енген жедел штаб құрылды. Төтенше жағдайға байланысты Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 11 мектеп онлайн білім беру жүйесіне көшті. Жалпы 4 мыңға жуық оқушы қашықтан оқиды. Сондай-ақ, 7 балабақша төтенше жағдайға байланысты жұмысын уақытша тоқтатты. Айта кетейік, Түркістан облысында жауға нөсер мен қардың еруі салдарынан бүгін таңертең бірнеше елді мекенді су басып қалды. Өңірде жедел желі іске қосылды. Сауран ауданында мектеп оқушылары онлайн оқуға көшті. Кейін Қызылорда мен Түркістан облыстарында ауа райының қолайсыздығынан автомобиль жолдарының бірқатар бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бұрқасын, көктайғақ, 35 градус аяз: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Білім беру депозитін онлайн қалай ашуға болады?
Өткен аптадағы азық-түлік бағасы: не арзандады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Мені ешкім өзбек деп ойламайды | Айтысты көп көрдім – қазақшам жақсарды | 4 тілді жетік білемін