«Саяси жаңғыру жылы»: Әшімбаев Сенат жұмысын қорытындылады

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палатаның жұмысын қорытындылады.«Бүгін Сенаттың биылғы қорытынды отырысын өткіздік. Санаулы күндерден кейін жаңа 2024 жылға қадам басамыз. Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін саяси-экономикалық және әлеуметтік салаларда өзгерістерге толы болды. Президентіміз бастаған Конституциялық реформалар аясында нағыз саяси жаңғыру жылы болды деп ауыз толтырып айта аламыз», - деді спикер. Әшімбаевтың айтуынша, Парламентке қатысты енгізілген Конституциялық өзгерістер биыл қолданысқа енді. Конституциялық реформа нәтижесінде Парламент палаталарының рөлі мен ықпалы артты. «Заң шығару процедурасы өзгеріп, заң жобалары жаңа тәсілмен қарала бастады. Жыл басында Президенттің Жарлығымен Сенаттың 10 депутаты тағайындалды. Оның 5-еуі алғаш рет ҚХА-дан ұсынылды. Сондай-ақ өңірлерімізде Сенат депутаттарының кезекті сайлауы өтіп, қатарымыз айтарлықтай жаңарды. Мәжіліс таратылғанда Сенат екі ай бойы Мәжілістің міндетін абыроймен атқарды», - деді Мәулен Әшімбаев. Сенат төрағасының айтуынша, биыл Парламент 92 заң қабылдады. «Қабылданған заңдар еліміздің саяси және орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп жатыр. Олардың ішінде сот жүйесі, прокуратура қызметі, сондай-ақ әкімшілік реформа мәселелері бойынша конституциялық заңдар бар»,- деді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды