Елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарына биыл біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 2 млрд 7 млн теңге төлеу жоспарлануда. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 1 мамырдағы жағдай бойынша мұндай жәрдемақыны 26 833 адам алады. Өтемақы мөлшері 2 769 теңгеден 369 200 теңгеге дейін. Саяси қуғын-сүргін құрбандары, одан зардап шеккен мүгедектерге немесе зейнеткерлерге әлеуметтік төлемдердің басқа түрлеріне қарамастан, 4 542 теңге мөлшерінде мемлекеттік арнаулы жәрдемақы төленеді. Сондай-ақ, жыл сайын жергілікті атқарушы органдар біржолғы материалдық көмек көрсетеді. Биыл жергілікті бюджет есебінен 31 мамырға дейін 9668 азаматқа 223,8 млн теңгеден 9230 теңгеден 38448 теңгеге біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. 2024 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін өтемақы:Өтемақы алушылар – 26 833 адам Мөлшері – 2 769 теңгеден 369 200 теңгеге дейін Мүгедектерге немесе зейнеткерлерге – 4542 теңгеЖергілікті атқарушы органдардың бюджетінен: Саны – 9668 адам Көлемі – 223,8 млн теңге Мөлшері – 9 230 теңгеден 38 448 теңгеге дейін