Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды. Еліміздегі барлық учаскеде дауыс беру тоқтады. Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, саяси науқанда сайлаушылардың 54,19 проценті өз таңдауын жасаған. Халықтың белсенділігі бойынша Сыр өңірі көш бастады. Қызылордалық сайлаушылардың 67,21 проценті дауыс берген. Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары екінші және үшінші сатыда. Алматы қаласында ең төменгі көрсеткіш тіркелді.