Кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттар сайлауын 793 шетелдік байқаушы бақылайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты. Оның 131-і 41 мемлекеттен, 662 байқаушы 12 халықаралық ұйымнан келеді.Мұхтар ЕРМАН, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: 10-шы наурызда Парламент Мәжілісінің депутаттығына кезектен тыс сайлауға тіркеуден өткен Түркі мемлекеттер ұйымынан байқаушылар комиссиясының екі мүшесі байқауға қатыса алмайтыны жайлы нота түсті. Осыған сәйкес миссия мүшелерінің тізімінде тиісті өзгертулер енгізу үшін сыртқы істер министрінің ұсынылымы келіп түсті.