Үлкеннің тәрбиесі – ұрпаққа өнеге. Дауыс беруге келген елордалық үлгілі отбасы да өз таңдауын жасады. Қазыналы қариялар ел болашағы үшін сайлауға ұл-келінімен қоса алты немересін де ерте келген. Жакуповтар әулеті үшін бұл дәстүр болып қалыптасқан.Алмагүл ЖАКУПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Немерелерімізбен, балаларымызбен, отбасымызбен бүгін бірінші рет сайлауға келіп отырмыз. Бұрын отағасы екеуміз ғана келетінбіз. Еліміз Қазақстанымыз көркейеді деген үміттеміз. Бүгінгі сайлауға артар үмітіміз өте зор. Дильназ ЖАКУПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгін мен бірінші рет дауыс беріп көрдім. Осыған дейін апаммен келіп көргенмін. Бүгінгі сайлау көп нәрсені өзгертеді деп ойлаймын. Жаңа Қазақстанның қадамдары нық болатынына сенімдімін.