Бұл сайлаудың бұрынғыдан өзгешелігі мажоритарлық жүйе енгізілді. Мәселен Тобыл-Торғай өңірінде бір мандатты округтен мәжіліс депутаттығына он адам түсті. Жергілікті халықтың таңдауымен сол он кандидаттың бірі озып шығады. Сайлау жүйесіндегі реформа көпшілік көңілінен шықты. Сайлаушылардың өз өңірінің түйткілін түгел білетін,проблемасын түбегейлі түсінетін азаматқа дауыс беруге мүмкіндік туып отыр.Берікжан ҚАЙЫПБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Сайлау мәселесі жаңа Қазақстан жағдайында, сосын кейін мына сайлау жүйесінің реформаға ұшырауын халық жақсы қабылдап жатыр. Саяси партиялардан болсын, жеке өзін-өзі ұсынғандардың бәрінің қарқыны, бәрінің халықпен жұмыс жүргізу мәселесі бірдей деп есептеймін. Дамир ЖАҚАНОВ, ЖСДП ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бір мандатты округ сайлау процесі, яғни мажоритарлық жүйе үмітті ақтады деп ойлаймын. Өйткені өзін-өзі ұсынғандар қатары көп. Конситуцияда әр азамат таңдауға және сайлануға құқылы деп көрсетілген. Міне, осының бәрі мажоритарлық жүйені енгізу арқылы жүзеге асып жатыр.