Сайлау қарсаңында 20 өңірде Call орталық іске қосылды

Мәжіліс сайлауы қарсаңында қазақстандықтар өздерін дауыс берушілер тізімінен алдын ала тексере алады. Толығырақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Алдымен бұқараны сайлау туралы хабардар ету мақсатында Egov.kz, E-өтініш порталында баннер жарияланды. Сонымен қатар сайлау туралы баннер eGov mobile, kaspi.kz және halyk bank мобильді қосымшаларында қойылды. Одан бөлек, халыққа қызмет көрсету орталықтарында да сайлау туралы хабар беретін баннер ілінді. Біздің министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 20 өңірде Call орталық ұйымдастырды. Алматы қаласы және Қостанай облысы бойынша орталық нөмірі «1315», ал қалған өңірлер бойынша «109» нөміріне хабарласуға болады», - деді Әсет Тұрысов Орталық сайлау комиссиясы отырысы барысында. Вице-министрдің айтуынша, Call орталыққа хабарласып сайлауға қатысты туындаған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігі бар. «Сонымен қатар дауыс берушілер ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) арқылы сайлау тізімінен өзін тексере алады. Ол үш сервис арқылы жүзеге асырылады, атап айтқанда sailau.gov.kz, sailau2023.gov.kz www.gov.kz sailau. Сол сияқты 6 наурызда Kcell, Beeline және Tele2 абоненттерін қолданушыларға жаппай push хабарлама жіберіледі. Ол жерде «Өз сайлау учаскеңізді біліңіз» деген мәтін болады және сілтеме көрсетіледі», - дейді ол.Бүгін ОСК кезекті отырысы өтті. Жиында белгілі болғандай саяси партиялардың сайлауалды дебаты 16 наурызда өтеді.Сондай-ақ, Мәжіліс сайлауына 12 млн-нан астам дауыс берушінің тіркелгені туралы хабарлаған едік. 26 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 12 032 550 дауыс беруші тіркелген. Одан бөлек, ОСК отырысы барысында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгеретіні айтылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Көлік министрі ұшақ бортындағы 6 қазақстандық қаза тапқанын айтты
Қайтқан активте қайыр бар
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың тізімі жарияланды
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
Жылан жылы қандай болады? Қазақстандық астролог жауап берді
Бизнесті буындыратындар да бар
Қайтқан активте қайыр бар
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шықты
2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Біле жүріңіз!
Қураған ағаштан келер қауіп көп
Сауда үйінің қызметкері көмек сұраған зейнеткердің ақшасын ұрлап алған
Түркі жұртына ортақ тұлға
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп