Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сайлау күні қарсаңында жұқпалы аурулардан қорғану шаралары туралы айтты. - бір адамға кемінде 4 ш.м. есебінен үй-жайдың толымдылығын ескере отырып, олардың топталып жиналуына жол бермей, сайлау процесіне қатысушылардың ағынын реттеу; - желдету/ауаны баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі немесе дауыс беру басталар алдында және қажет болған жағдайда күні бойы үй-жайды тұрақты желдету; - дауыс беру басталар алдында және қажет болған жағдайда күні бойы жуу құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды және барлық жұмыс орындарын дезинфекциялау арқылы ылғалды жинау жүргізу.