Сайлау учаскеңізді қалай анықтауға болады?

Саяси науқанға бір ай уақыт қалды. Ал сіз сайлау учаскеңізді білесіз бе? Оны анықтау үшін не істеу керек? Тілшіміз Аружан Серік түсіндіреді.Егер сіз, Қазақстан азаматы болып, сайлауға дейін 18-жасқа толсаңыз, дауыс беру құқығы бар азамат ретінде өз дауысыңызды бере аласыз. Ол үшін алдымен, сайлау учаскеңізді анықтап алу керек. Оны үйден шықпай-ақ, онлайн түрде 4 жолмен білуге болады. Біріншіден, sailau.astana.kz сайтына кіріп, жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу арқылы; екінші тәсіл - @sailau_astana_bot телеграм каналы. Мұнда сайлау құқы бар азаматқа қажетті ақпарат жетерлік. Сондай-ақ IKomek бірыңғай байланыс орталығының 109 нөмеріне қоңырау шалып, оператордан өзіңізге қажетті барлық ақпаратты ала аласыз. Және «Smart Astana» мобильді қосымшасын жүктеу арқылы да учаскені анықтауға болады. Аружан ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Мен үшін бірінші тәсіл ыңғайлы болғандықтан, әкімшілік сайтына кірдім. Жеке сәйкестендіру нөмірімді енгізіп, табу батырмасын басып едім, дауыс беретін сайлау учаскемнің нөмері мен мекенжайы шықты. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, мектептің сыртында сайлау туралы хабарландыру ілінген. 19 наурыз күні өзге сайлаушылармен қатар мен де осы жерге келіп, өз таңдауымды жасаймын. Бір ескере кететін жәйт бар. Астана қаласында тіркелмегендерге сайлау учаскесі көрсетілмейді. Егер сіз Елордада тұрасыз, бірақ басқа қалада тіркелген болсаңыз, онда арнайы мекеменің көмегіне жүгіну керек. Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz электронды үкімет порталының «Азаматтық, миграция және иммиграция», «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына хабарласқан жөн.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Абай облысында қазандық жарылды: полиция тергеу жүргізіп жатыр
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қостанай облысында жарылыстың алды алынды
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Жамбылда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деп ұсталды
2 млн теңге: Спорт журналистикасының үздіктері қомақты сыйақымен марапатталды
АҚШ долларының құны артты
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Абай облысында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды
Дәрігер қарттардың арқасының ауыруының ерекше себебін атады
Бақыт Сәрсекбаевтың әкесі өмірден өтті
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Ауыл шаруашылығы саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-приде күміс жүлдеге ие болды
Михаил Шайдоров Гран-при кезеңінде күміс алды
«Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде күміс алды