ТМД байқаушылары миссиясы елімізде өтіп жатқан Мәжіліс және мәслихаттар сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары барысында кемшіліктерді анықтаған жоқ. Бұл туралы аталған миссияның басшысы Леонид Анфимов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Біздің миссия өзге миссияларға қарағанда сайлау комиссияларының, оның ішінде Орталық сайлау комиссиясының жұмысын іске алғыссыз қылу үшін «тырнақ астынан кір» немесе қандай да бір болмашы кемшіліктерді іздемейді. Бүгінге дейін үгіт-насихат науқанын өткізу, депутаттыққа кандидаттарды ұсыну барысындағы заң бұзушылықтар, сайлауалдындағы күрестегі әділетсіздіктер жайында бірде-бір кемшілік таппадық, ондай ақпарат та жоқ. Бәрі де өркениетті түрде жүргізіліп жатыр. Кезектен тыс депутаттар сайлауына өз кандидатурасын ұсынған азаматтардың барлы лайықты», - деді ол Орталық сайлау комиссиясы алаңында ұйымдастырылған брифингте. Сонымен қатар Леонид Анфимов еліміздің Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанын қалай жоғары кәсіби тұрғыда дайындау және өткізу керектігін паш еткенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, миссия сайлау қорытындысына қатысты бағалауын 20 наурызда жария етеді.