Сайлаудан кейін Сенатқа жаңа адамдар депутат болып келеді. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты."14 қаңтарда 20 сенатор сайланады. Әр өңірден бір депутат келеді" деді төраға.Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бір орынға 3 кандидаттан келіп тұр. Бұл өз кезегінде бәсекелестік бар екенін білдіріп отыр. 30 пайызы әйел адамдар екені құптарлық үрдіс. Олар негізінен былтыр жаңадан құрылған облыстардан келген сенаторлар. Сол себепті Сенатқа жаңа адамдар депутат ретінде келетінін атап өткен жөн. Қоғамда қазір жаңа адамдарға деген сұраныс бар. Сондықтан Парламентке, Сенатқа жаңа адамдар келіп жатыр деп айтуға болады Ә. Дүкембаева