«Сайлаудан кейін тың бастамаларды жариялаймын», - Президент

Елімізді дамыту үшін саяси жүйені ғана жаңғырту жеткіліксіз. Президент әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен өткізген кеңесте осылай деді. Мемлекет басшысы сайлаудан кейін тың бастамаларды жариялайтынын айтты. Мерей Қалиасқар тарқатады.Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетімізде жүргізіліп жатқан реформалар ел ішінде ғана емес, алыс шетелдерде де талқыға түсіп жатқанын атап өтті. Бұл түбегейлі өзгерістер сайып келгенде мұқым елдің дамуына сеп болады. Дегенмен бүгінгі жетістігімізге дандайсып, асылық етуге әсте болмайды деді Президент. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Біздің болашағымыз – айқын, нақты жоспарымыз бар. Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы – билік институттарын жаңарту жұмысының қорытынды кезеңі. Осылайша, билік жан-жақты реформаларды жалғастыру үшін жаңа сенім мандатына ие болады. Елімізді дамыту жолында тың бастамалар көтеріп, оны табысты жүзеге асыру – басты міндет. Қазір жетістікке мәз болып отыратын заман емес. Жұмысты тың қарқынмен жалғастыру керек. Елімізді дамыту үшін саяси жүйені ғана жаңғырту жеткіліксіз деп кесіп айтты Президент. Реформа арқылы көздегеніміз қоғамда жаңа саяси мәдениет қалыптастыру әрі жаңа құндылықтарды орнықтыру. Қоғамдық тұрақтылықты сақтау мәселесін де назардан тыс қалдыруға болмайды. Алдымен, ел мүддесіне және әр адамның құқығына басымдық беріледі. Ал геосаяси ахуал ушыққан, алмағайып кезеңде әрбір азамат мемлекеттің бейбітшілігі мен аумақтық тұтастығын сақтау үшін заңды қаперде ұстап, одан аттамау қажет. Себебі Заң мен тәртіп бар жерде тұрақтылық болып, тыныштық орнайды. Бұл ретте дүйім елдің бірлігін нығайту маңызды міндет деді Тоқаев. Сонымен қатар, соңғы кезде белең алған ескерткіш қойғыштарды сынға алды. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Соңғы кезде бір аймаққа ғана белгілі адамдарға ескерткіш орнату сәнге айналды. Жергілікті ономастика комиссиялары бұған жол бермеуге тиіс. Орынсыз шешімдерге Республикалық комиссия тосқауыл қоюы керек. Әркім өз бабасына ескерткіш қоя берсе, елде рушылдық, жершілдік белең алады. Осыған назар аударыңыздар. Қазақстандықтар елімізде оң өзгеріс болып жатқанын сезінуі қажет. Бұл реформалар сәтті іске асуы үшін тұрақсыздыққа апаратын әрекеттердің алдын алып, тұсау салу қажет. Елге іріткі салып, қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырғандар енді жазаға тартылмай қоймайды. Тиісті заңдарымызды қатаң сақтауымыз керек-ақ. Әйтпесе арандатушыларға қатысты әрекетсіздік арты Қазақстан үшін аса қауіпті болмақ. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Мен бірнеше рет айтқанымдай, бізге, ең алдымен, заң үстемдігі аса қажет. Заң сақталса және азаматтық жауапкершілік жоғары болса, қоғамда тәртіп болады. Тұрақтылық бар жерде ғана даму, өркендеу болады. Мемлекетті жан-жақты жаңғыртуға қатысты жұмыс болашақта жалғасын табады. Осы орайда мен бірқатар тың бастамаларды ойластырып жатырмын. Оны сайлаудан кейін жария етемін. Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге халыққа жақын болуды, ал мемлекеттік органдар басшыларына азаматтармен кездесулер мен жеке қабылдаулар өткізуді тапсырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Алданып қалмаңыздар!": Ұлттық банк маңызды мәлімдеме жасады
Алматы әуежайында автотұрақ тарифтері көтеріледі: 12 желтоқсан 2024, 11:56 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қоспаев ісі: тәркіленген мүлік шетелдіктерге сатылмақ болған
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды
Қазақстанда цифрлық техника бағасы аспанға ұшты
Амилай қамауға алынды
Қаржаубай неге қаралды?
Қаржаубай неге қамалды?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
Әкесі жақсы қандайды