Сайлаушылардың белсенділігі сағат сайын есептелетін болады

Елдегі сайлау учаскелері таңғы 6 жарымда ашылып, дауыс беру сағат 7-де басталды. Дәл қазір бізбен Орталық сайлау комиссиясынан әріптесім Ақбота Базарбай тікелей байланысқа шыққалы тұр. Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: Елдегі сайлау учаскелерінің 92-сі таңғы 6-дан бастап ашық. 8мыңнан астам учаскеде дауыс беру 7-де басталды. Бірнеше минут бұрын батыс аймақтардағы дауыс беру орындары есігін ашты. Қазақстандықтар кешкі сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады. Бұл жолы дауыстарды санау процедурасы әдеттегіден әлдеқайда ұзағырақ болмақ. Себебі бюллетеньдер саны бұрынғыдан көп. Республикалық маңызы бар қалаларда, яғни Астана, Алматы және Шымкентте дауыс беру төрт бюллетень бойынша саналады. Оның екеуі Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау және екеуі мәслихаттар бойынша. Ал 17 облыста дауыс беру бес сайлау бюллетені бойынша өтпек. Оның екеуі Мәжіліс бойынша, екеуі облыстық мәслихаттар бойынша және біреуі аудандық немесе қалалық бюллетеньдер. Сағат сайын халықтың сайлауға қатысу белсенділігін Орталық сайлау комиссиясы есептеп отырады. Сегіздегі нәтиже бойынша Оңтүстік өңірдегі аймақтар белсенділік танытуда. Алдағы эфирде соңғы статистиканы айтып беретін боламын. Еске салайық, саяси додаға 7 партия қатысып жатыр. Олар «AMANAT» партиясы, Ауыл, Республика, Халық, Байтақ, Ақ жол және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы. Ал бір мандатты сайлау бойынша 604 адам бақ сынауда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Суперкомпьютер Чемпиондар лигасының жеңімпазын анықтады
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Дәрігер жастықты сақтауға көмектесетін тағамды атады
Каспийді сақтауға арналған ғылыми жоба ТМД елдерінің премьер-министрлеріне таныстырылды
Маңғыстау облысында 13 жүк көлігі қар құрсауында қалды
Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 95 жасқа толды
Бүгін – Тәуелсіздік күні
Мәулен Әшімбаев: Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау – әр қазақстандықтың қастерлі борышы
Жас спортшылар патриоттық челленджге қатысты
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қырғызстанда із-түзсіз кеткен қазақстандықты іздестіріп жатыр