«SCAT» әуе компаниясына әкімшілік іс қозғалды

«SCAT» әуе компаниясының үстінен әкімшілік іс қозғалды.«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитті осы жылдың 27 мамырында Қостанай-Анталья бағытындағы VSV-5280 рейсінен жолаушыларды түсіргені үшін үшін «SCAT» әуе компаниясына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 571-бабымен әкімшілік ісс қозғады. Жолаушылардың барлық санатына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету барысында әдеп нормаларын сақтау Қазақстан әуе компанияларының басымдығы болуы тиістігін атап өтеміз. Бұл талаптарды бұзуға жол беруге болмайды әрі орынсыз», - деп атап өтті Азаматтық авиация комитетінен. «SCAT» әуе компаниясының мәліметінше, жолаушыларға келтірілген шығын өтелген және олар таяу уақытта туристік жолдамаға сәйкес Антальяға ұшуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар әуе компаниясының әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген қызметкерлеріне қатысты тәртіптік сипаттағы іс-шара қолданылатын болады. «Дегенмен, «SCAT» әуе компаниясы құқық бұзушылыққа жол бергені үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады», - делінген ведомство мәліметінде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жаттығу кезінде қарсыласын нокаутқа түсірген Жұмағұлов UFC-ге үн қатты
БАҚ: АҚШ Қазақстаннан Украинаға 81 кеңес авиажойғышын жіберуі мүмкін
Қазақстанда мектеп кітапханаларының бірыңғай автоматтандырылған жүйесі енгізіледі
Үнемнің кілті – мәдениетте
Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы
Жамбылда "Таза Қазақстан" акциясының "Өнегелі ұрпақ" апталығында жаңа саябақ ашылды
Павлодарда ЖЭО жабдықтарын жөндеуге 13,2 млрд теңге жұмсалмақ
Татулық пен достық мекені
Мамырда елімізде қандай өзгерістер болады?
Қар, жаңбыр: алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Закиржан Кузиев, Сенат депутаты: Бейбіт күннің темірқазығы – бірлік
Теңізге жеткізер тура жол
Павлодарда полиция көпірде асылып тұрған ер адамды құтқарды
Ұлытау облысында бірнеше балконнан өрт шықты
Жол жөнделсе, туризм түлейді
"Мәңгі есімде қалады". Танымал блогер әкесіне жантебірентер жазба арнады
Жаз мезгілі – жаңа маусым
"4 айлық бала бар": қатты желдің салдарынан бірнеше адам қаза тапты
Рақымжан Қошқарбаев - 100 жыл: Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ
«Шекпен»: рухың сынбасын...
Салық та диқанға қолбайлау болды
Бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол
«Жастардың бетімен кеткенін көрсетеді»: Дінтанушы тойда қосылған сүре туралы
Жыл басынан бері экологиялық заңнаманы бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды